Бас бармақтың ұзын жазғышы, m. еxtensor pollicis longus:
басталатын жері: ulna (ортаңғы үштен бірі) et membrane interossea antebrachii:
бекитін жері: бас бармақтың дисталді бунағының негізі;
қызметі: бас бармақты жазу.
Сұқ саусақтың жазғышы, m. extensor indicis:
басталатын жері: ulna et membrane interossea antebrachii;
бекитін жері: сұқ саусақтың проксималді бунағы;
қызметі: сұқ саусақты жазу.
Қол ұші бұлшықеттері
Қол ұші бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:
– латералді топ (бас бармақтың, тенардың бұлшықеттері): mm. abductor pollicis brevis, flexor pollicis brevis, opponens pollicis, adductor pollicis;
– медиалді топ (шынашақтың, гипотенардың бұлшықеттері): mm. palmaris brevis, abductor digiti minimi, flexor digiti minimi brevis, opponens digiti minimi:
– ортаңғы топ: mm. lumbricales (төртеу), interossei palmares (үшеу), interossei dorsales (төртеу).
Барлық қол басы бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) - нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.
Қол басы бұлшықеттерінің латералді тобы
Бас бармақты әкететін қысқа бұлшықет, m. аbductor pollicis brevis;
басталатын жері: retinaculum flexorum et os scaphoideum;
бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағының негізі;
қызметі: бас бармақты әкету.
Бас бармақтың қысқа бүккіші, m. flexor pollicis brevis;
басталатын жері: беткей басы – retinaculum flexorum; терең басы – os trapezoideum;
бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;
қызметі: бас бармақты бүгу.
Бас бармақты қарама-қарсы қоятын бұлшықет, m. oppenens pollicis:
басталатын жері: os trapezium;
бекитін жері: os metacarpale I;
қызметі: бас бармақты шынашаққа қарама-қарсы қою.
Бас бармақты әкелетін бұлшықет, m. adductor pollicis:
басталатын жері: көлденең басы – os metacarpale III; қиғаш басы –os capitatum:
бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;
қызметі: бас бармақты әкелу және бүгу.
Қол ұші бұлшықеттерінің медиалді тобы Алақандық қысқа бұлшықет, m. palmaris brevis:
басталатын жері: retinaculum flexorum:
бекитін жері: қол басының медиалді жиегінің терісі;
қызметі: терілік қатпарлар түзу.
Шынашақты әкететін бұлшықет, m. abductor digiti minimi:
басталатын жері:os pisiforme et lig. pisohamatum;
бекитін жері: шынашақтың проксималді бунағы;
қызметі: шынашақты әкету.
Шынашақтың қысқа бүккіші, m. flexor digiti minimi brevis:
басталатын жері:hamulus ossis hamate et retinaculum flexorum;
бекитін жері: шынашақтың проксималді бунағы;
қызметі: шынашақтың проксималді бунағын бүгу.
Шынашақты қарама-қарсы қоятын бұлшықет, m. opponens digiti minimi:
басталатын жері: hamulus ossis hamate et retinaculum flexorum;
бекитін жері: os metacarpale V (шынтақтық жиегі);
қызметі: шынашақты бас бармаққа қарама-қарсы қою.
Қол басы бұлшықеттерінің ортаңғы тобы Құрттәрізді бұлшықеттер, mm. lumbricales:
басталатын жері: tendines m. flexor digitorum profundus;
бекитін жері: II-V саусақтардың проксималді бунақтары, сыртқы апоневрозға ауысады;
қызметі: II-V саусақтардың проксималді бунақтарын бүгу, ортаңғы және дисталді бунақтарды жазу.
Алақандық сүйекаралық бұлшықеттер, mm. interossei palmares:
басталатын жері: біріншісі – os metacarpale II-нің медиалді беті, екінші және үшіншісі
– ossa metacarpalia IV және V-тің латералді беті;
бекитін жері: II, IV және V саусақтардың проксималді бунақтарының алақандық беті және ортаңғы мен дисталді бунақтардың сыртқы беттері;
қызметі: II, IV және V саусақтарды ортаңғыға әкелу; проксималді бунақты бүгу және ортаңғы және дисталді бунақтарды жазу.
Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер, mm.interossei dorsales:
басталатын жері: көршілес алақан сүйектерінің бір-біріне қараған беттері;
бекитін жері: II-IV саусақтардың проксималді бунақтарының алақандық беті, ортаңғы және дисталді бунақтардың сыртқы беті;
қызметі: II және IV саусақтарды ортаңғыдан әкету; II-IV саусақтардың проксималді бунақтарын бүгу және ортаңғы мен дисталді бунақтарды жазу.
ҚОЛДЫҢ ТОПОГРАФИЯСЫ
Иық белдеуінің топографиясы
Қолтық шұңқыры, fossa axillaris, шекаралары:
алдында: m.pectoralis major-дың төменгі жиегімен жүретін терілік қатпар;
артында: m.latissimus dorsi-дің төменгі жиегімен жүретін терілік қатпар;
латералді: иық терісі;
медиалді: кеуде торының бүйір бетінің терісі.
Қолтық қуысы, cavitas axillaris, бұлшықеттік қабырғалары:
алдыңғы қабырғасы: m.pectoralis major et m.pectoralis minor;
артқы қабырғасы: m.teres major et m.subscapularis;
медиалді қабырғасы: m.serratus anterior;
латералді қабырғасы: m.biceps brachii et m.coracobrachialis;
қуыстағы құрылымдар: a.et v.axillaris; plexus brachialis; nodi lymphatici axillaris: mediales, laterales, apicales, inferiores, posteriorеs et centrales.
Үш қабырғалы тесік, foramen trilaterum, шекаралары:
жоғарыда: m. subscapularis (алдында) және m.teres minor (артында);
төменде: m.teres major;
латералді: caput longum m.tricipitis brachii;
үш қабырғалы тесік арқылы өтеді:1) a.circumfiexa scapule - a . axillaris-тен шығады; 2) аттас веналар.
Төрт қабырғалы тесік, foramen quadrilaterum, шекаралары:
жоғарыда: m.subscapularis (алдында) және m.teres minor (артында);
төменде: m.terеs major;
медиалді: caput longum m.tricipitis brachii;
латералді: humerus;
төрт қабырғалы тесік арқылы өтеді:1) a.circumflexa humeri posterior - a.axillaris-тен шығады; 2) аттас веналар; 3) n. axillaris - fasciculus posterior plexus brachialis-тен шығады.
Иықтың және шынтақ аймағының топографиясы
Иықта m.biceps brachii-дің екі жағымен өтеді: sulcus bicipitalis medialis et sulcus bicipitalis lateralis.
Иық-бұлшықеттік өзек (иірмелі өзек, кәрі жілік нервінің өзегі), canalis humeromuscularis (canalis spiralis, canalis nervi radialis) екі тесігі және екі қабырғасы болады:
Жоғарғы (кіреберістік) тесік шектелген:
алдында: humerus;
артында: caput longum m.tricipitis brachii;
медиалді: caput mediale m. tricipitis brachii;
латералді: caput laterale m. tricipitis brachii.
Қабырғалары:
алдыңғы: humerus (sulcus n. radialis)
артқы: m.triceps brachii.
Төменгі (шығаберістік) тесігі (sulcus cubitalis anterior lateralis) шекаралары:
латералді: m.brachioradialis;
медиалді: m.brachialis;
өзектегі құрылымдар: 1) n.radialis - fasciculus posterior plexus brachialis-тен шығады; 2) a.profunda brachii - a. brachialis-тен шығады; 3) аттас веналар.
Достарыңызбен бөлісу: |