Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет117/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Ромбтәрізді ми

Ромбтәрізді ми көпіршігінен сопақша ми және артқы ми (көпір мен мишық) дамиды.


Сопақша ми


Сопақша ми, medulla oblangatа,(myelencephalon, bulbus cerebri) хордалылардың эволюциясында мидың көне құрылымдарының бірі болып табылады. Ол омыртқалылардың орталық нерв жүйесінің өмірлік маңызды бөлігі: онда қан айналымы, жұтыну, тыныс орталықтары және т.б. орналасады.
Пішіні буылтықтәрізді сопақша ми жұлынның жалғасы болып табылады. Оның төменгі шекарасы шүйделік үлкен тесіктің деңгейінде өтеді, ал жоғарыда және алдында орналасқан көпірден терең көлденең жүлге арқылы бөлінеді.Сопақша мидың алдыңғы, және артқы және бүйір беттерін ажыратады. Алдыңғы бетінде жұлынның аттас саңылауының жалғасы алдыңғы орталық саңылау, fissura mediana anterior, өтеді. Саңылаудың бүйір жақтарында дөңес пирамидалар, pyramides, орналасқан. Әр
пирамиданың нерв талшықтарының, бір бөлігі қарсы жаққа өтіп, пирамида қиылысын, decussatio pyramidum, түзеді. Бұл қиылыс сопақша ми мен жұлынның шекарасы болып табылады. Пирамидадан сыртқа қарай, одан алдыңғы латералды жүлге, sulcus anterolateralis,(ventrolateralis), арқылы бөлінген, олива, oliva, орналасады. Сопақша мидың артқы бетінде жұлынның аттас жүлгесінің жалғасы артқы орталық жүлге, sulcus medianus posterior, өтеді. Одан сыртқа қарай орналасатын артқы жіпше бүйір жіпшеден артқы латералды жүлге, sulcus posterolateralis (dorsolateralis), арқылы бөлінеді. Артқы жіпше артқы аралық жүлге, sulcus intermedius posterior, арқылы жұлынның аттас будаларының жалғасы болып табылатын екі будаға: медиалды жіңішке буда, fasciculus gracilis, және одан сыртқа қарай орналасқан сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, бөлінеді.
Жіңішке және сынатәрізді будалардың жоғарғы жағында - жіңішке және сынатәрізді будалардың төмпешіктері, tuberculum gracile et tuberculum cuneatum, түзіледі.Олардың ішінде аттас ядролар (nuclei gracilis et cuneatus) орналасады. Бұл ядроларда сәйкес будалардың жоғарылаған талшықтары аяқталады. Осы ядролардан шығатын талшықтар мен бүйір жіпшенің дорсалды бөлігі мишықтың төменгі аяқшасын, pedunculus cerebellaris inferior, құрайды. Мишықтың төменгі аяқшаларының аралығындағы, сопақша мидың бөлігі ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бөлігін құрайды. Оливаның артында әр жақтың бүйір жіпшесінің аймағында тіл-жұтқыншақ нервінің, n.glossopharyngeus, кезбе нервтің , n.vagus, және қосымша нервтің , n.accessorius, ал пирамида мен оливаның арасынан тіласты нервінің, n.hypoglossus, түбіршіктері шығады («Бассүйек нервтерін» қараңыз).
Сопақша мидың ішкі құрылымы жұлынмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше, бұл онда қозғалысты реттеп, бақылайтын орталықтың (оливалық ядро) және тыныс, қан айналым, зат алмасу орталықтарының (тіл-жұтқыншақ, кезбе нервтердің ядролары, торлы құрылым) пайда болуына байланысты. Сопақша мидың көлденең кесіндісінде (сурет) оның ақ және сұр заттардан тұратыны көрінеді. Оның төменгі бөлігінде оливалық ядро, n.olivaris, жатады. Бұл ядродан шығатын нерв талшықтарының бөлігі мишықтың төменгі аяқшасы арқылы мишықта, екінші бөлігі жұлында аяқталады. Оливалық ядролардың дорсалды жағында торлы құрылым, formatiо reticularis, орналасады. Сопақша мидың дорсалды бөлігінде бассүйек нервтерінің ІХ, Х,ХІ және ХІІ жұптарының ядролары (ромбтәрізді шұңқырды қара) мен жіңішке, сынатәрізді ядролар жатады.
Сопақша мидың ақ заты негізінен жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдардан тұрады. Жоғарылаған өткізгіш жолдар (ауырсыну және температура сезімталдығы және т.б) сопақша мидың дорсалды бөлігі арқылы, төмендеген өткізгіш жолдар (пирамидалық жол) вентралды бөлігі арқылы өтеді. Нерв талшықтарының бұл, екі тобы да жұлынды бас миының жоғары орналасқан бөліктерімен байланыстырып, сопақша ми арқылы өтеді. Сонымен қатар, оливалық ядро мен торлы құрылымнан жұлынға қарай төмендеген және мишыққа жоғарылаған талшықтар шығады. Жіңішке және сынатәрізді будалар ядролары талшықтарының көп бөлігі қиылыс түзіп медиалды, ілмекке, lemniscus medialis, өтеді, ал бір бөлігі мишыққа барады. Сонымен, сопақша мида екі қиылыс: пирамидалар қиылысы және медиалды ілмек қиылысы, decussatio lemniscorum medialium, орналасады. («Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдарын» қараңыз). Медиалды ілмек қиылысының үстінде артқы бойлық буда, fasciculus longitudinalis dorsalis, өтеді. Бұл буда ми сабауы мен жұлында орналасқан вегетативтік орталықтарды бір-бірімен байланыстырып, қызметтерін үйлестіріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет