Нәресте бассүйегінің клиникалық тәжірибеде нақтылы ескерілуі қажет ересек адам басүйегімен салыстырғанда бірқатар маңызды ерекшеліктері бар.
Нәресте бассүйегінің өзіне тән белгісі еңбектердің болуы (16-сурет) Бассүйек күмбезі сүйектерінің аралығындағы дәнекертіндік аймақтар еңбектер, fonticuli,деп аталады.
Барлығы 6-еңбектерді ажыратады. Арасындағы ең үлкені, маңдай мен шеке сүйектерінің аралығында орналасқан, өмірінің 2-жылының басында бітісетін алдыңғы (маңдай, үлкен) fonticulus(occipitalis, minor) , шүйде және шеке сүйектер арасында орналасып туылған нәрестенің 2 айлығында толығынан жабылады. Бүйір: сынатәрізді және емізіктәрізді еңбектер жұп, оларды сипап анықтау мүмкін емес, туылған нәрестенің 2 жетілігінде бітіседі. Сынатәрізді еңбек, fonticulussphenoidalis, шеке сүйектің сынатәрізді бұрышы аймағында, ал емізіктәрізді еңбек, fonticulusmastoideus,шеке сүйектің емізіктәрізді бұрышында орналасқан.
Сүйекаралық жіктер кең, жалпақ. Өмірінің 3-жылында тісті жіктер,suturaserrata,қалыптаса бастайды.
Бассүйектің мисауыт бөлігі беттік бөлігінен 8 есе көлемділеу (ересектерде 4 есе)
Бассүйек негізі сүйектері бір-бірімен кең шеміршектік және дәнекертіндік қабаттар арқылы қосылған.
Көзұяға кіреберіс кеңдеу.
Шеке және маңдай төмпелерінің күшті дамуының әсерінен поrтаverticalis,төртбұрышты болып қалыптасады.
Жақсүйектердің толық дамымағанынан бассүйектің беттік бөлігі аласалу болады.
Бассүйек сүйектеріндегі бұлшықеттер бекитін нүктелер әлсіз айқындалған (сызықтар, төмпелер, өсінділер және т.б.)
- салыстырмалы көлемі кішірек (сүйекті мұрын жетілмеген)
Желбезек, vomer
- 2 табақшадан тұрады (10-12 жасында бітіседі)
Тіласты сүйек, oshyoideum
- сүйек бөліктері 30 жасқа басқанда синостоздалады.
Бассүйектіңжыныстықерекшеліктері
Адам сүйегінің жыныстық ерекшеліктері болымсыз. Сондықтан еркек пен әйел сүйектерін бір-бірінен айыру біршама қиындықтар тудырады. Әр уақытта анық көрінбейтін жыныстық ерекшеліктерге тоқтала кетуді қажет деп санадық.
Олар төмендегідей:
Еркек бассүйегінің сыртқы бетінің бедері (қырлар, сызықтар, төмпелер) жақсырақ жетілген, қабақүсті доғалар көлемділеу, шүйде шодыры күштірек жетілген.
Әйел бассүйегіндегі көзұя салыстырмалы кеңірек.
Еркек бассүйегіндегі ауалы қойнаулардың көлемі үлкендеу.
Еркек бассүйегі әйел бассүйегіне қарағанда қалыңдау.
Еркек төменгі жақсүйегі салмақтылау, көрнектілеу.
Еркек төменгі жақсүйегі тармақтарының бұрыштары көбінде тік болып келсе, әйелдерде жазықтау.
Еркектерде бассүйектің беттік, ал әйелдерде мисауыт бөліктері жақсы жетілген.