Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет96/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Тимустың тамырлар жүйесі

Тимустың қанмен қамтамасыз етілуі көптеген тимикалық артериялар арқылы жүзеге асады. Олар ішкі кеуде артериясының, жоғарғы және төменгі қалқанша артерияларының, бұғанаасты артериясының тармақтары.


Тимустың ішкі ағзалық терең қантамырлары.

Тимустың ішіндегі артериялар үлестердің арасында орналасып, олардың тармақтары бір бағытта, шашыла және аралас типте орналасады.


Үлесаралық артериялар бір венамен қосарланады, артериялардың диаметірі 0,025- 0,1 мм аралығында, ал веналар диаметрі 0,05-0,5 мм шамасында.
Артериялар мен веналар без ішінде кең ілмекті тығыз тамыр өрімін түзеді, олардың пішіні ұқсас келеді.
Тимустың үлесаралық қалқалары бойымен тығыз, кең ілмекті капиллярлық торлар орналасқан, олар көбіне ірі-ірі қантамырлар айналасын қоршап жатады. Көлемдері 14-70 мк. Үлесаралық тамырлар үлестердің бетінде анастомоздар торын түзеп әрі қарай радиалды бағытта қыртыс бөлігінің ішіне кіреді.
Көлемдері 95-98 мк үлесаралық тамырлар үлестер ішіне полюстер жақтарынан енедіде бездің қыртыс бөлігі арқылы өтіп милы бөлігінде тармақталады. Бездің қыртысы және милы бөліктерінің аралығында осы үлестердің қантамырларының ұштарынан құралған доғатәріздес анастомоздар торын байқауға болады. Айырша бездің үлестерінің беткей тамырлар торын құрайтын тамырларының көлемі 28-70 мк аралығында болса, қыртыстық және милық бөліктер шекарасындағы анастомоздың тор тамырларының көлемі 28-84 мк аралығында, ал қыртыс үлесіндегі радиалды орналасқан тамырлар көлемі 14-59 мк шамасында, олар өзара байланысып тамырлардың ірі ілмектерін түзеп қыртысты үлестің кейбір аймақтарын қоршай орналасады. Айырша бездің көп капиллярлары үлестерден тыс шықпай өз ішінде көрші үлестер ішіне жалғасуы мүмкін. Айырша бездің тамырлары даму үрдісі кезінде мүше ішіне дәнекертіндік талшықтармен бірге енеді, сондықтан олардың арасындағы тығыз байланыс дамып қалыптасқан безде де жақсы сақталады.
Айырша бездің ішіндегі дәнекертін қабаттардың құрылысы олар арқылы өтетін тамырлардың пішіндерімен көлемдеріне байланысты. Мысалы: жуан дәнекертінді талшықтар бірнеше қабатпен капсулярлық тамырларды қоршап олардың сыртқы қабаттарына (адвентиция) енеді, ал дәнекертін талшықтарының бір бөлігі бездің ішіне тереңдеп кіріп олардың үлесараларына тарайды. Үлесаралық дәнекертін қалқаларында бірнеше қабаттардан тұратын агрофильді (ретикулярлы) талшықтар орналасады, олар ірі үлесаралық тамырлар өтетін тұста және олардың тармақталанатын орындарында көптеп кездеседі. Осы аймақта артериялар мен веналарды қоршайтын агрофильді талшықтардың бір ұштары осы тармақтардың адвентициясына енсе, екінші ұштары иректелген агрофильді талшықтар түрінде үлестер аралығына еніп солар арқылы өтетін ірі-ірі тамырлар мен олардың тармақтары үшін тірек аппаратын түзеді. Олар әрі қарай бездің үлестерінің бетінде және қыртысты затпен милы заттардың аралықтарында бірнеше агрофильды қабатты жарғақ құрайды. Ішкі агрофильды жарғақ тор тәріздес болады, ал олардың ілмектерінің аралықтарында милы және қыртыс заттар аралығында анастомоздар түзейтін ірі-ірі тамырлар орналасқан. Өте нәзік спиральтәрізді иректелген агрофильді талшықтар милы затта қыртыс бөлігімен салыстырғанда көптеп кездеседі. Олар милы затқа тамырлармен қосарланып енеді де тамырлар торына ұқсас майда ілмекті торлар
түзейді. Үлесішілік тамырлар өте күрделі торлы құрылымынан құралған агрофильдік талшықтармен қоршалған. Айырша бездің үлестерінің ретикулярлық талшықтары тамырлардың адвентициясын түзеп тамырлар қабырғасының бұлшықет қабатымен шектес орналасады немесе тікелей олардың эндотелийінің базальды жарғағына енеді. Айырша бездің қыртыс және милы заттарының тамырларымен капилярлар торының ерекшеліктері оның ішкі құрылымымен қызметіне байланысты болуы мүмкін.
Тимустың нервтену көзі кезбе нерв, жұлдызды түйін, көкеттік нерв және мамальды өрім деп саналады. Сонымен қатар кейбір жұмыстарда тимусты нервтендіруге тіласты нерві, тіл-жұтқыншақ, жұлын нервтері, артерияжаңылық, қабырғааралық өрімдердің де қатынасы бар екені көрсетілген. Бірақта тимусты нервтендіруде симпатикалық нервтердің басымдылығы бар деген ойлар кездеседі.
Нейрогистохимиялық әдістер көрсеткендей, олар нерв талшықтарының басым бөлігі тимусқа қантамырлар мен лимфотамырлар бойымен еніп, олардың адвентициясы мен бұлшықет қабаттарында терминальды және претерминальды өрімдер түзейді.
Миеленді және миеленсіз талшықтардан құралған нервті-қантамырлық өрімдер тимустың сыртқы қабығына еніп сол аймақта анық білінетін беткей және терең сыртқы қабықтың өрімдерін түзейді. Нерв элементтерінің негізгі бөлігі үлесаралық септаларда орналасады. Тимустың қыртысты және милы бөліктері миеленді және миеленсіз нерв талшықтарынан тұрады. Нерв талшықтары тимус денешіктеріне өте жақын келіп, оларды барлық жағынан қоршай орналасады. Тимустың нерв аппаратының түпкі пісіп-жетілуі оның қызметінің ең жоғарғы деңгейге жеткен кезеңіне тұтас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет