Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет98/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Көкбауыр

131-201 жылдары Гален көкбауырды жұмбақ ағза деп атаған, осы атау кейінгі кезге дейін шындыққа жанасады деп келген. 17-ғасырда Мальпиги қызыл пульпаның құрамындағы ақ пульпада лимфатәрізді түйіншелердің бар екен жазған. ХІХ ғасырда Бильрот қызыл пульпадағы стромамен тамырлық қойнауларды бөліп көрсетті. Электрондық микроскоптың пайда болуынан бері ағзалардың ультра құрылымдарын зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Тек кейінгі уақытта ғана егеуқұйрықтарға жүргізілген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде көкбауырдың иммундық қызметі анықталды.


Иммуноэпоздік ағзалар ішіндегі иммуноглобулинді ең көп бөліп шығаратын көкбауыр екендігі көрсетілді. Сонымен қатар көкбауыр қанға және бөгде гендік заттарға иммундық бақылауды қамтамасыз ететін иммуногенез ағзаларының ішіндегі жалғыз мүше, бірақта оның микроскопиялық анатомиясы толық және жүйелі түрде әлі зерттелмеген.
Кейінгі кезде көкбауырдың организмге қорғаныштық қызмет атқаратын, М- иммуноглобулин, Т және В-лимфоциттердің түзілуіне қатынасатын, макрофагтық жасушалардың бактериоцидтық қасиеттерін күшейтетін, фагоцитозды жылдамдататын биологиялық белсенді тетрапептид тафтисинді синтездейтін және табиғи киллер жасушаларды қуаттандыратын жалғыз ағза екендігі айғақталды.
Көкбауыр иммундық жүйенің шеткі ағзаларының ішіндегі ең күрделісі.


Көкбауыр анатомиясы

Көкбауыр сол қабырғаасты түбінде көкет күмбезінің астында орналасқан тақ ағза. Оның кеуде торы қабырғасындағы жобасы-ортаңғы қолтық сызығының бойымен ІХ-ХІ-ші қабырғалар аралығы. Қалыпты жағдайда дені сау адамдарда оны сипап табу мүмкін емес,


себебі алдыңғы жағынан қабырғаастынан шықпайды, ал арты омыртқа бағанасына жетпейді. Ересек адамдарда тіктелген жағдайда көкбауырдың бойлық білігі Х-шы қабырғаның бағытына сәйкес келеді. Көкбауырдың екі жиегін айырады 1) тіліктелген, үшкірлеу-жоғарғы 2) төменгі – жайпақ. Жоғарыда аталған жиектер бір-бірімен алды- артынан қосылып екі ұш түзеді – алдыңғы және артқы.
Көкбауырдың олардан басқа екі бетін ажыратады: 1) көкеттік – көкетпен жанасатын, ең үлкен, дөңес және тегіс беті 2) медиалды
(висцеральды) – ішке қараған, ойыс беті, осы бетінде бойлық ұңғыл орналасқан, ол көкбауыр қақпасы.
Көкбауыр қақпасы висцеральды бетті үш бөлікке бөледі: 1) Асқазандық – асқазанның түбі мен денесінің артқы беттерімен, біршама ұйқы бездің құйрығымен жанасатын бөлігі.

  1. Бүйректік – ол артқы жағында орналасқан, сол бүйректің жоғарғы ұшы және сол бүйрекүсті безімен жанасады.

  2. Жиектік – жиек ішегінің сол иілімімен, көкбауыр – бауыр байламымен жанасқан көкбауырдың алдыңғы ұшындағы алаң. Көкбауыр ішастармен интраперитонеальды қамтылған, оның бекітуші аппаратына іш тығыршығы, ішастар және айналасын қоршап жатқан ағзалар жатады, осылармен қатар бірнешге байламдар көкбауырдың бекуін қамтамасыз етеді. Олар: көкбауыр -бүйрек, көкбауыр – асқазан байламдары.

Жиек ішектің сол иілімінен көкетке байлам барып ол көкбауырдың бекуіне әсерін тигізетін қалта түзеді және ол өзінің алдыңғы ұшымен осы қалтаға келіп тіреледі де өз ретінде көкбауырдың төмен түсуіне кедергі келтіреді (А.П. Сорокин ж.б., 1989). Көкбауырдың көлемі адамның жас шамасына сәйкес өзгеріп отырады.

Таблица 2 кесте. Әр жастағы көкбауырдың көлемі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет