Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет97/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Тимустың эмброгенезі

Тимустың эмбриогенезі барлық омыртқалармен сүтқоректілер үшін бірдей. Жорғалаушылардың айырша безі өзінің дамуын алғашқы үш желбезек қалталарынан бастайды, кейбір кезде төртіншіден түзілуі мүмкін. Ал сүтқоректілердің айырша безінің дамуы үшінші немесе төртінші желбезек қалталарының эпителийлік өсіндісі түрінде басталады. Алғашқыда эпителийлік өсінді каудальды бағытта өсіп жүрекке жетеді, сосын біртіндеп қалы4дап оның проксимальді бөлігінен ductus thymicopharyngeus түзіледі, ол бездің түтігі. Кейінен түтік жоғалады да, оның каудальды бөлігінен бездік құрылымдар пайда болып одан айырша без дамиды. Көп жағдайларда эпителийлі өсіндінің проксимальды бөліктері кері өседі, егер де өсіндіні4 дамуы жалғасын тапса онда қосалқы айырша без пайда болады. Әрі қарай тимустың даму үрдісінде ол сегменттерге бөлініп,


олардың арасында дәнекерұлпалық элементтер мен қантамырлар пайда болады. Адамдарда тимустың дамуы ұрық дамуының 2 ай мерзімінде үшінші және төртінші желбезек қалталарынан пайда болады.
Ал 4-ші желбезек қалтасынан пайда болатын эпителийлік элементтер кері дамып жоқ болып кетуі мүмкін, не болмаса осы аймақтағы без түзілістерінің алғашқы дамуына себепші болады (қалқаншажанылық бездер). Ұзындығы 8 мм ұрықтың айырша безі өсінді тәрізді болады, ол ұзындығы 11 мм ұрықтада әлі желбезек қалтасымен байланысын үзбейді.
Ұрықтың 7-8-жетілік даму мерзімінде айырша без перенхимасына мезенхималық элементтер, қан тамырлар ене бастайды және алғашқы лимфоциттер пайда болады. Ал ұрық дамуының 3 айлық мерзімінде қыртыстық және милық қабаттар мен Гассаль денешіктері бар үлестер қалыптасып бітеді. Осымен айырша бездің толық және түбегейлі қалыптасуы аяқталады, әрі қарай дамуы тек оның салмағы мен көлемін үлкейтуге әкеледі.
1 кесте. Тимустың негізгі гормондары (Bach, goestin бойынша)

Атаулары

Әсері

Тимопоэтин

Пре-Т-лимфоциттерге әсер етеді, нервтік-бұлшықеттік жолды тежейді.

Тимустық-гуморальдық фактор

Т.-лимфоциттерді белсендендіреді

Тимустық Х-фактор

Қан Т-лифоциттерінің көлемін тұрақтандырады.

Тимустық ұйыту фактор

Т-лимфоциттердің жеке әр кезеңде өзіндік дамуымен қатар цитотоксикалық Т-лимфоциттердің ерекшелінуіне әсерін тигізеді.

А1-тимозин

Т-лимфоциттермен Т-хелперлердің ерте қалыптасуына әсерін тигізеді.

А7-тимозин

Т-супрессорлардың қалыптасуына әсерін тигізеді.

В4-тимозин

Т-лимфоциттердің ерте қалыптасуына әсерін тигізеді.

А-протимозин

А1 және а2- тимозиндерге дейінгі гормон.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет