Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет16/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Сүйектенуі. Аяқ басы шеміршектік қаңқасының сүйектенуі былай өтеді: әр тілерсек сүйегінде бір-бірден сүйектену нүктесі пайда болады. Эмбриогенездің алтыншы айынды өкше сүйекте, 7-айда асық және текше сүйектерде 9-айда, латералды сына тәрізді сүйекте 1 жаста, медиалды сына тәрізді сүйекте 2-5 жас аралығында, аралық сына тәрізді сүйекте – 3-4 жас аралығында, қайық тәрізді сүйекте – 4-5 жас аралығында, бұдан басқа өкше сүйек бұдрмағында – 7-9 жас аралығында сүйектенетін қосымша сүйектену нүктесі пайда болады. Табан сүйектері мен бақайлардың денелерінде сүйектену бір уақытта – нәрестенің 2-3 айлығында анықталады, ал екінші реттік сүйектену – ІІ-Ү табан сүйектері бастарында, І табан сүйектің негізінде және барлық бақайларда - 2-3 жас аралығында айқындалады. Аяқ басының толық сүйектенуі қыздарда ертелеу (16-18 жаста), ал ер балаларда сәл кешірек (18-20 жас шамасында) аяқталады. Бірақ, есте сақтайтын жайт аяқ басының сүйектенуі жиі өзгеруімен ерекшеленеді.
БАССҮЙЕКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Бассүйек, cranium - көру, есту мен тепе-теңдік, иіс сезу, дәм сезу ағзаларының орналасқан аймағы. Бассүйек екі бөліктен ми орналасқан, милық – cranium cerebrale (neurocranium) және тыныс алу мен ас қорыту жолдарының сүйектік негізін құрайтын беттік cranium visceralе (splanchocranium) – тұрады. Мисауыттық бассүйекте екі бөлімді айырады: бассүйек төбесі (күмбезі),calvaria, және негізі, basis cranii, оның өзіне сыртқы basis cranii externa мен ішкі basis cranii interna жатады.
Бассүйектің ішкі негізін оның горизонтальды кесіндісінде төбесін алып тастағанда ғана көру мүмкін.
Бүтін бассүйекті әртүрлі қалыпта зерттегенде онда төмендегідей түзілістер байқалады: үстінен- вертикальды норма, поrта verticalis,
– бассүйектің күмбезін; төменнен – базилярлық норма, поrта basilaris, – бассүйектің сыртқы негізін; алдынан – беттік норма, поrта faсialis, – мұрын қуысына, cavitas nasi, апаратын алмұрттәрізді тесікті, aperturа piriformis, көз шарасын, orbita, сонымен қатар жоғарғы және төменгі жақсүйектерді көрінеді; артынан – шүйделік норманы; поrта occipitalis,
бүйірінен – латералдық норманы, поrта lateralis, көруге болады.

Бассүйектің бүйір беттерінен (поrта lateralis) бірқатар шұңқыршалармен ұңғылдарды табуға болады, олардың бастысы: самай,


самайасты шұңқыршалар, fossa temporalis et fossa infratemporalis, бір-бірінен сынатәрізді сүйектің қыры арқылы бөлінген, ал самайасты шұңқыршадан тереңдеу қанат – таңдайлық шұңқырша, fossa pterygopalatina орналасқан.
Бассүйектің ішкі негізі үш бассүйектік шұңқыршалардан түзілген:
алдыңғы, ортаңғы, артқы, fossa cranii anterior, fossa cranii media et fossa cranii posterior.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет