Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет24/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Бассүйектің ішкі негізі

Бассүйектің ішкі негізі, basis cranii interna, 3 бассүйек шұңқырларынан, алдыңғы, ортаңғы және артқы, тұрады.


Алдыңғы бас шұңқыршасы, fossa cranii anterior



  • маңдай сүйектің көзұялық бөліктерінен, partes orbitalis ossis frontalis,




  • торлы сүйектің тесіктелген табақшасынан, lamina cribrosa ossis ethmoidalis,

  • сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарынан, alae minures ossis sphenoidalis,

құралған.


Маңдай сүйектің алдыңғы бассүйек шұңқыры аймағында милық бұдырлар, juga cerebralia, мен саусақтық батыңқылар, inpressiones digitatae, мен артериялық жүлгелер, sulci anteriosi, көрінеді. Әтеш айдаршығының, crista galli, алдында тұйық (соқыр) тесік, foramen caecum, орналасады.


Торлы сүйектің тесіктелген табақшасында мұрын қуысынан иіс сезу
нерві талшықтары өтетін 20-25 ұсақ тесіктер байқалады. Көру өзегі, canalis opticus,арқылы алдыңғы бассүйек шұңқыры көзұясымен қатынасады.
Алдыңғы бассүйек шұңқырындағы тесіктер мен түзілістерді №8 кестеден табуға болады. Алдыңғы бассүйек шұңқырында мидың маңдай үлестерімен, lobi frontalеs, иіс сезу миының шеткі бөлігі, rhinencephalon, жатады.



  1. кесте. Алдыңғы бассүйек шұңқыршаларының тесіктері мен ондағы түзілістер




Тесік атаулары

Түзілістер

Тесіктелген табақша тесіктері,
foraminae


laminae cribrosae

-nn. olfactorii ; (І-жұп)

Тұйық (соқыр) тесік, foramen caecum

- ми қатты қабығының өсіндісі;

Көру өзегі, canalis opticus

-a. ophthalmica; (ІІ-жұп)


-n. opticus

Ортаңғы бассүйек шұңқыры, fossa cranii media, құрылған:





  • сынатәрізді сүйектің денесімен үлкен қанаттарынан, corpus et alae majoris ossis sphenoidalis;

  • самай сүйектің қабыршағымен тасты бөліктің алдыңғы бетінен, squama et facies anterior partis petrosae ossis temporalis. (жұп) түзілістер)

Ортаңғы бассүйек шұңқырында сынатәрізді сүйектің денесіне сәйкес келетін орталық және бүйір бөліктерін айырады. Ортаңғы бассаүйек шұңқыршаларын алдын сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарының артқы жиегімен түрік ер-тоқымының төмпесі, tuberculum sellae, шектесе, артқы шекарасы самай сүйек пирамидасының жоғарғы жиегі (жоғарғы тасты
қайнау жүлгесі) мен түрік ер-тоқымы арқасы арқылы, margo superior partis petrоsae ossis temporalis (sulcus sinus petrosi superioris) et dorsum sellae, өтеді.
Ортаңғы бассүйек шұңқырының сынатәрізді сүйек аймағында орналасқандар:

    • қиылысалдылық жүлге, sulcus prechiasmatis




    • түрік ер-тоқымы, sella turcica




    • гипофиздік шұңқырша, fossa hypophisialis; түрік ер-тоқымының түбінде орналасқан.

    • ер-тоқым арқасы, dorsum sellae;




    • ұйқы жүлгесі, sulcus caroticus;




    • жоғарғы көзұялық саңылау, fissurа orbitalis superior;




    • дөңгелек тесік, foramen rotundum;




    • сопақ тесік, foramen ovale;




    • қылқанды тесік, foramen spinosum.


  1. кесте. Ортаңғы бассүйек шұңқырының тесіктері мен түзілістері




Тесіктер атауы

Түзілістер

артериялар

веналар

нервтер

Ішкі ұйқы тесігі,


foramen caroticum internum

- a.carotis interna

- plexus venosus caroticus internus;
(v.retromandibularis- тің құйылысы)

- plexus caroticus іnternus;

Жоғарғы көзұялық

саңылау, fissurа orbitalis superior






- v. ophthalmica superior
(sinus vernosus -қа құяды)

  • n. oculomotorius (III- жұп)

  • n. trochlearis

(IV-жұп)











  • n. opthalmicus

(n. trigeminus-тің 1 - тармағы)



  • n. abducens

(VI-жұп)


Дөңгелек тесік,
foramen rotundum







- n maxiillaris

(n. trigeminus-тің 2 - тармағы)



Үлкен тасты нерв өзегі саңылауы, hiatus canalis n.petrosi majoris

- r.petrosus (a. maxiillaris-тің a.meningeа media- сынан)




- n. petrosus major (n.facialis-тің тармағы)

Кіші тасты нерв өзегі саңылауы, hiatus canalis n.petrosi minoris

- a. tympanica superior (a. maxiillaris-тің a.meningeа media- сынан)




- n. petrosus minor (n.glossopharyngeus- тің n. tympanicus-інің жалғасы)

Ескерту: жыртық, сопақ және қылқанды тесіктердің түзілістерін бассүйектің сыртқы негізінен қараңыздар.
Самай сүйек пирамидасының алдыңғы бетімен қабыршағындағы түзілістер:

  • дабыл қуысы төбесі, tegmen tympani;




  • доғатәрізді дөңес, eminentia arcuata;




  • үлкен тасты нерв өзегі саңылауы және жүлгесі, hiatus canalis et sulcus



n. petrosi majoris;



  • кіші тасты нерв өзегі саңылауы және жүлгесі, hiatus canalis et sulcus n. petrosi minoris;

  • үшкіл батыңқы, impression trigemini;




  • ортаңғы менингеальдық артерия жүлгесі, sulcus a. meningeae mediae;

  • саусақтық батыңқылар, impressions digitatae.

Самай және сынатәрізді сүйектер қосылысынан пайда болады:





  • жыртық тесік, foramen lacerum оның маңына ішкі ұйқы тесігі, foramen caroticum internum ашылады.

  • сына-тасты саңылау, fissurа sphenopetrosa;

Ортаңғы бассүйек шұңқырында мидың маңдай үлетері, lobi temporales, гипофиз, hypophysis, және үшкіл түйіні, ganglion trigeminale, орналасқан.


Ортаңғы бассүйек шұңқырының тесіктері мен түзілістері 8-кестеде көрсетілген.
Артқы бассүйек шұңқыры, fossa cranii posterior құралған:



  • шүйде сүйектен, os occipitale;




  • жұп самай сүйектің тасты бөлігінің артқы және емізіктәрізді бөлігінің милық беттерімен, facies posterior partis petrosae et facies cerebralis partis mastoideae ossis temporalis;

  • сынатәрізді сүйектің денесімен, corpus ossis sphenoidalis;




  • шеке сүйектің емізіктәрізді бұрышымен, angulus mastoideus ossis parietalis;

Шеке сүйектің ішкі бетінде, артқы бассүйек шұңқыры аймағында орналасқандар:

  • үлкен шүйде тесігі, foramen magnum;




  • айдаршық өзегі, canalis condylaris;




  • тіластылық өзек, canalis hypoglossalis;




  • ішкі шүйде шодыры, protuberantia occipitalis interna;




  • ішкі шүйде қыры, crista occipitalis interna;




  • көлденең қойнау жүлгесі, sulcus sinus transversi

Сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйектің базилярлы бөлігі қосылысынан ылди,


clivus, түзіледі. Самай сүйек пирамидасының артқы беті мен емізіктәрізді бөлігінен көрінеді:

  • ішкі есту өтісіне жалғасатын ішкі есту тесігі, porus meatus acusticus іnternus,

  • доғаастылық шұңқырша, fossa subarcuata;




  • суқұбыры кіреберісінің сыртқы апертурасы, aperturа externa agueductus vestibuli;

  • ұлу өзекшесінің сыртқы тесігі, aperturа externa canaliculi cochleae;




  • пирамиданың төменгі жиегі бойымен төменгі тасты қойнау жүлгесі өтеді, sulcus sinus petrosi inferioris

Шүйде және самай сүйектері қосылыстарынан мойындырық тесігі мен тасты-шүйде саңылауы, foramen jugulare et fissura petrooccipitalis, құрылады.
Мойындырық тесігімен сигматәрізді қойнау жүлгесі бітеді, sulcus sinus sigmoidei.
Артқы бассүйек шұңқырында мишық орналасса, ылдиға сопақша ми мен көпір жанасқан.



  1. кесте. Артқы бассүйек шұңқырындағы басты тесіктер мен түзілістер




Тесіктер атауы

Түзілістер

артериялар

веналар

нервтер

Ішкі есту тесігі (ішкі есту өтісі),

-a. labyrinthi a. basilaris

-vv. labyrinthi sinus petrosus inferior

-n. facialis VII

-n. vestibulocochlearis VIII



Кіреберіс суқұбырының сыртқы апертурасы,

- ductus endolymphaticus







Ұлу өзекшесінің сыртқы апертурасы,

- ductus petroolimphaticus









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет