Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет200/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

ІШКІ ҚҰЛАҚ
Ішкі құлақ
(auris interna) сүйекті және жарғақты лабиринттерден тұрады. Сүйекті 
лабиринт (labyrinthus osseus) самай сүйектің тасты бөлігінде дабыл қуысынан ішке қарай 
орналасады. Ол бір-бірімен байланысатын қуысты кіреберістен, үш сүйекті жартылай 
дөңгелек түтіктерден және ұлудан тұрады. 
Пішіні эллипс тәрізді 
кіреберіс
(vestibulum) лабиринттің орталығын алып жатыр. 
Кіреберіс қуысының медиалды қабырғасы вертикалды қыр арқылы үш ұңғылға бөлінеді: 
жартылай дөңгелек түтіктердің бес тесігі ашылатын эллипстік (recessus ellipticus), оның 
алдында орналасатын сферикалық (recessus sphericus) және алдыңғы екеуінің арасында, 
төменде орналасатын ұлулық (recessus cochlearis). Соңғы екі ұңғыл тікелей ұлу 
өзекшелерімен байланысады. Ұңғылдарда кіреберіс нервінің шеткі өсінділері өтетін торлы 


331 
дақтар (maculae cribrosae) болады. Кіреберістің сыртқы қабырғасында кіреберіс терезесі 
(fenestra vestibuli) мен ұлу терезесі (fenestra cochleae) орналасады. 
Үш 
– 
алдыңғы, артқы және латералды
 сүйекті жартылай дөңгелек өзектер
(canals 
semicirculares ossei) кіреберістен артқа және сыртқа орналасып, бір-біріне үш 
перпендикулярлы жазықтық бойынша жатады: алдыңғы – сагитталды, артқы – фронталды 
және латералды – горизонталды. Әр өзекте доға мен екі аяқшаны ажыратады, екі 
аяқшаның біреуі кіреберіске ашылатын кезде ампула (ampulla ossea) түрінде кеңейген. 
Жартылай дөңгелек өзектер аяқшаларымен кіреберіске ашылады: барлық аяқшалар жеке 
тесіктермен ашылады, ал алдыңғы және артқы жартылай дөңгелек өзекшелердің көршілес 
(ампуладан бос) аяқшалары кіреберіске ашылғанға дейін бір жалпы аяқшаға бірігеді. 
Нәтижесінде үш өзектің кіреберіске апаратын бес тесігі болады. 
Лабиринттің алдыңғы төменгі бөлігін түзетін 
ұлу (cochlea)
сүтқоректілерде, соның 
ішінде адамда барынша дамыған. Ол ұшына қарай біртіндеп тарылатын және сүйекті білік 
(modiolus) айналасында екі жарым айналым жасайтын иірмелі өзектен (canalis spiralis 
cochleae) тұрады. Сүйекті білік ұшы сыртқа, ал ішкі есту жолының түбінен түзілетін негізі 
ішке бағытталып, горизонталды орналасады. Білік негізінде ұлу нервінің талшықтары 
өтетін, біліктің иірмелі өзегіне (canalis spiralis modioli) апаратын көптеген ұсақ тесіктер 
болады. Өзектің ішінде біліктің сыртқы бетінде екі жарым айналым жасайтын жұқа 
сүйекті иірмелі табақша (lamina spiralis ossea) болады, ол ұлу өзегі қабырғасының қарама-
қарсы жағына толық жетпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет