Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет6/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
Омыртқа бағанасы 
 
Омыртқа бағанасы (columna vertebralis) хордалықтадың эволюциясында осы 
түрдегі жануарлардың ең жоғарғы сатылы дамуын көрсететін алғашқы біліктік қаңқаны 
(хорда) ауыстырды. Адам организмінде басқа да сүтқоректілердегідей омыртқа 
бағанасы негізінен қорғаныстық (жұлын үшін) роль атқарады, осымен қатар дененің 


12 
статикасы мен динамикасы үшін өте маңызды болып саналатын - оның қозғалғыштығы. 
Омыртқалар эволюциясының бастапқы сатыларында олардың біліктік қаңқасы 
(омыртқа бағанасы) өне бойындағы құрылысы біркелі және оның құйрықтық бөлігінен 
басқасы қабырғалармен байланысқан. Келешекте әртүрлі қозғалыстарға бейімделуіне 
сәйкес (жүгіру, қарғу т.б.) және бас пен мойын қозғалыстарының дербестенуіне 
байланысты көптеген қабырғалар жоғала бастады да омыртқа бағанасының бөлімдері 
қалыптасты, бұл өзгерістер барлық сүтқоректілер мен құстарға тән. 
Адамның омыртқа бағанасының басты морфологиялық ерекшеліктерінің 
қалыптасуы тік жүру мен екіаяқтылыққа бейімделуге бір табан жақындатты. Адамның 
омыртқа бағанасы, басқа омыртқалылардікіндей сегменттік түрде құрылған. Омыртқа 
бағанасының негізгі бөлігін омыртқалар (vertebrae) түзеді, олардың саны 32-35 
аралығында өзгеріп тұрады.
Эволюцияның бастапқы кезеңдерінде омыртқалыларда омыртқа саны көбірек 
болған. Әр омыртқада бәріне жалпы, бір-біріне ұқсас түзілістер болғандықтан олар 
негізгі бөліктер - дене, доға, тақ қылқанды, жұп көлденең және жұп жоғарғы, төменгі 
буындық өсінділерден тұрады. Омыртқаның алдыңғы ауқымды бөлігін сырты жұқа 
тығыз затпен жабылған кеуекті құрылымды денесі (corpus vertebrae) алып жатса, оған 
артынан доға (arcus vertebrae) жалғасып, екеуі бірігіп омыртқа тесігін (foramen 
vertebralis) шектейді. Омыртқаларды бірінің үстіне бірін жайғастырғанда омыртқа 
тесіктері жұлын және оның қабықтары мен түбіршіктері орналасқан қуыс болып 
саналатын омыртқа өзегіне (canalis vertebralis) айналады. Омыртқа доғасынан әртүрлі 
бағытта өсінділер тарайды: ортаңғы жазықтық бойымен қылқанды өсінді (processus 
spinosus), латералды – жұп көлденең өсінділер (processus transverse), ал олардан 
біршама алдыға – жұп жоғарғы және төменгі буындық өсінділер (processus articulares 
superiores et inferiores). Әр омыртқа доғасының денемен қосылған жерінің үстінде 
тайыздау, ал астында тереңдеу тіліктер (incisura vertebralis superior et inferior) 
орналасқан, егер көрші жатқан омыртқаларды қабаттастырғанда тіліктерден 
омыртқааралық тесіктер (foramine intervertebralia) пайда болады, олар арқылы жұлын 
нервтері мен қан тамырлары өтеді. Қылқанды, көлденең өсінділер мен доғаның кейбір 
бөліктері бұлшықеттер мен байламдардың бекитін орындары. Буындық өсінділер 
омыртқааралық буындар (доға-өсінділік) түзуге қатысады. Омыртқалар пішініне
қызметіне, көлеміне, өзара байланысу түрлеріне, қабырғаларға қатынасына және 


13 
орналасуына байланысты мойындық, кеуделік, белдік, сегізкөздік және құйымшақтық 
болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет