Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет217/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
түрінде I-II бел омыртқалары деңгейінде аяқталады. Милық конус жіңішке 
соңғы жіпке, 
filum terminale
, жалғасады, ол II құйымшақ омыртқаның артқы бетіне бекиді. Жұлынның 
жуандаған 
мойындық буылтығы

intumescentia cervicalis 
және 
бел – сегізкөздік 
буылтығы

intumescentia lumbosacralis, 
бар, олардан қол және аяқ нервтеледі, сондықтан 
аталған буылтықтарда нейрондар көп орналасқан,.Жұлынның алдыңғы бетінде 
алдыңғы 
орталық саңылау

fissura mediana anterior
, артқы бетінде 
артқы орталық жүлге

sulcus 
medianus posterior
,орналасқан, олар жұлынды симметриялық екі бөлікке бөледі. 
Жұлынның әрбір жартысында 
алдыңғы латералды жүлге

sulcus anterolateralis және 
артқы латералды жүлге

sulcus posterolateralis, 
өтеді. Артқы латералды жүлгеге 
артқы 
түбіршік, radix posterior 
(сезімтал), енеді. Бұл түбіршіктің алдыңғы түбіршікпен 
қосылатын жерінде 
жұлын түйіні

ganglion spinale, 
орналасқан, ол жалған бір өсінділі 
(жалған униполярлы) 
сезімтал 
нейрондардан түзілген. Осы нейрондардың орталық 
өсінділері (аксондары) артқы түбіршікті құрайды. Алдыңғы латералды жүлгеден 
алдыңғы 
түбіршік

radix anterior 
(қозғалтқыш), шығады. Бұл тү
б
іршік жұлынның алдыңғы 
мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген. Алдыңғы және 
артқы түбіршіктер жұлынның бүйір жақтарында омыртқааралық тесіктің медиалды 
жиегінде бір-бірімен қосылып - жұлын нервісін, 
nervus spinalis
,түзеді. Жұлыннан 31 жұп 
жұлын нервтері шығады. 
Жұлынның бір жұп жұлын нервтеріне сәйкес келетін бөлігі( кесіндісі ) 
жұлынның 
сегменті, 
деп аталады. Жұлында: 8 мойындық( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5 
белдік(L1- L5), 5 сегізкөздік (S1 - S5 ) және 1 құйымшақты
қ 
(Co1), барлығы 31сегмент 
бар. Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін(метамерін) нервтендіреді. 
Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа 
бұлшықеттері енеді. 
Жұлын ішкі жағында орналасқан 
сұр заттан

substantia gris 
, және сыртқы жағында 
орналасқан 
ақ заттан

substantia alba
, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың 
денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген. 
Сұр зат

substantia grisea
, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен 
аралық сұр затпен 
қосылған 
алдыңғы 
және 
артқы бағаналарды

columna anterior et 
columna posterior 
, құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік 
сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті- 
латералды бағананы

columna lateralis
,түзеді. 
Жұлынның ортасында 
орталық өзек 

canalis centralis, 
орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті 
IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп 
соңғы 


258 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет