Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет219/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
3.
Төмендеген ( қозғалтқыш

өткізгіш жолдар, 
нервтік импульсты мидан жұлынның 
алдыңғы мүйізіне өткізеді. 
Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш 
пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар 
сегментүстілік өткізгіш аппарат 
деп аталады. 
Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты 
филогенездік даму барысында ерте 
пайда болып (ескі түзіліс), шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына 
жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары 
енеді. 
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және 
төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар 
орналасады. 
Артқы жіпше, 
артқы аралық жүлге 
арқылы, медиалды орналасқан 
жіңішке 
будаға, fasciculus gracilis, 
(Голль будасы) және латералды орналасқан 
сынатәрізді будаға, 
fasciculus cuneatus, 
(Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы 
проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімінің өткізгіш 
жолының бір бөлігі өтеді. 
Бүйір жіпшеде 
орналасқан 
жоғарылаған 
өткізгіш жолдар: 
1.
Жұлын – мишықтық алдыңғы жол, tractus spinocerebellaris anterior 
(Говерс 
жолы); 
2.
Жұлын – мишықтық артқы жол, tractus spinocerebellaris posterior 
(Флексиг 
жолы), аталған екі жол мишыққа санасыз проприоцептивтік импульстарды 
жеткізеді. 
3.
Жұлын – таламустық латералды жол, tractus spinothalamicus lateralis, 
ауырсыну 
және температура сезімталдығын өткізеді. 
Бүйір жіпшенің төмендеген 
өткізкіш жолдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет