Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет234/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Суқұбырының айналасында орналасатын 
орталық сұр зат, substantia grisea 
centralis, 
төртінші қарынша эпендимасының астына жұқа сұр қабат түрінде жалғасып, 
төмен қарай 
жұлынның орталық сұр затына ауысады. Орталық сұр заттың алдында, 
ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктерінің деңгейінен бастап 
жұлынның жоғарғы алтыншы 
сегментіне 
дейінгі аралықта 
медиалды бойлық 
буда
, fasciculus longitudinalis medialis
, өтеді. 
Бұл 
буда 
арқылы көзқозғалтқыш, шығыр
шық, әкететін
, кіреберістік және 
қосымша 
нервтер ядролары мен жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш 
ядролар
дың 
байланыс
тары 
жүзеге асады

Осы байланыстары арқылы медиалды бойлық буда көз 
алмасы мен бастың үйлесімді қимылын қамтамасыз етеді және дененің тепе – теңдігін 
сақтауда маңызды рөл атқарады.
Медиалды бойлық буданың қасында, ми сабауы мен жұлынның вегетативтік 
ядроларының жұмысын үйлестіретін 
дорсалды (артқы) бойлық буда, fasciculus 
longitudinalis dorsalis
, өтеді. 
Ортаңғы ми жамылғысының орталығында 
қызыл ядро, 
nucl.ruber
, орналасады. Ол ортаңғы мид
ан 
аралық мидың артқы бөлігіне 
дейін 
өтеді. 
Қызыл ядро экстрапирамидалық жолдардың маңызды 
үйлестіруші, 
әрі реттеуші орталығы 
болып табылады, ол 
бұлшықеттердің санаға бағынбайтын жиырылу реттілігін (
автоматты 
қозғалыстарды

және бұлшықеттердің тонусын 
қамтамасыз етеді 
. Одан төмендеген 
қызыл 
ядро-жұлын жолы, 
tr. rubrospinalis, 
басталады. 
Ол қарама – қарсы жаққа өтіп, 
жамылғының вентралды қиылысын (Форел қиылысын) түзеді. 
Бұдан басқа, қызыл ядро 
мишықпен, 
үлкен ми 
қыртысымен, қыртысасты ядроларымен, көзқозғалтқыш нервінің 
қозғалтқыш және қосымша ядроларымен, шығыр
шық 
нервінің қозғалтқыш ядросымен екі 
жақты байланыста болады. 
Ортаңғы мидың орталық сұр затында, суқұбырдың астында III 
және IV жұп бассүйек нервтерінің ядролары орналасқан. Жоғарғы төбешіктер деңгейінде 
III жұп, көзқозғалтқыш нервтің, n.oculomotorius, екі жұп ядросы: қозғалтқыш ядросы- 
nucleus nervi oculomotorii
, және парасимпатикалық ядросы – 
көзқозғалтқыш нервтің 
қосымша ядросы, nucleus oculomotorius accessorius, 
(Якубович ядросы) орналасады. 
Қозғалтқыш ядродан шығатын нервтер көз алмасының көлденең жолақты бұлшықеттерін 
(қызметі санаға бағынатын), ал, парасимпатикалық ядродан шығатын нервтер көз 
алмасының бірыңғай салалы бұлшықеттері (қызметі санаға бағынбайтын) – 
қарашықты 
тарылтатын 
және 
кірпіктік бұлшықеттерді 
нервтендіреді.
Төменгі төбешіктердің деңгейінде IV жұп, шығыршық нервтің, n. trochlearis, жұп 
қозғалтқыш ядросы, nucleus nervi trochlearis, жатады. Бұл нерв бассүйек нервтерінің 
ішіндегі мидың негізінен емес, дорсалды бөлігінен – төменгі төбешіктердің артқы 
жағынан – шығатын жалғыз нерв. 
Сонымен қатар, бұл 
аймақта 
үшкіл нервтің ортаңғы 


274 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет