Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Таламустық миға, thalamencephalon



Pdf көрінісі
бет236/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Таламустық миға, thalamencephalon
: 1) 
таламус 
немесе 
көру төмпесі, thalamus; 
2)
таламусүсті, epithalamus 
және 3) 
таламусарты, metathalamus, 
жатады.
Таламус 
(артқы таламус), 
немесе 
көру төмпесі, 
thalamus, 
сұр заттың жиынтығы, 
көлемі мен пішіні бойынша кептердің жұмыртқасын еске түсіреді. Оның бүйір қарынша 
қуысына қараған жоғарғы беті 
латералды 
жағынан 
шекаралық жолақ, 
stria terminalis, 
арқылы құйрықты ядродан бөлініп тұрады; алдыңғы жағы 
төмпешік, tuberculum anterius 
thalami, 
түрінде тарылған ал артқы 
кеңейген 
бөлігі 
жастық, pulvinar, 
деп 
аталады.
Екі 
таламустың медиалды беттері
нің 
ортасында
ғы саңылау түріндегі қуыс III қарынша деп 
аталады, бұл қуыста таламустарды байланыстыратын 
таламусаралық дәнекер, adhesio 
intertalamica, 
орналасады. 
Таламус пен гипоталамустың шекарасында жақсы байқалатын 
горизонталды 
гипоталам
уст
ық жүлге, sulcus hypotalamicus, 
өтеді. Бұл жүлге алдынан 
қарыншааралық тесіктен басталып, ортаңғы ми суқұбырының алдыңғы тесігінде 


275 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
аяқталады. Таламустың алдыңғы, латералды, төменгі және артқы бет
тер
інің барлығы 
дерлік (жастықтан басқа) көрші аймақтардың милық затымен бітісіп кетеді. 
Жоғарғы және 
медиалды беттердің шекарасында 
таламустың милық жолағы, stria medullaris thalami, 
өтеді. Ол артқы жағында кеңейіп 
жүгеншік үшбұрышын, trigonum habenulae, 
түзеді. 
Таламуста 40-қа жуық ядролар бар, олардың 
ішінде алдыңғы, 
артқы, 
медиалды, латералды 
ядролар (nuclei anterior
es, posteriores, 
medial
e
s et lateral
es
) мен торлы ядро
ларды 
(nucl.reticular
e
s) 
ажыратады.
Таламустың ядроларының көбі соңғы мимен екі жақты байланысады. Жастық 
ядро
лар
ы, латералды иінді дене ядро
лар
ы және ортаңғы мидың жоғарғы төбешігінің 
ядролары 
көрудің қыртысасты орталықтары болып табылады. Медиалды ядро
ларда 
таламустың барлық 
басқа 
ядроларынан шығатын аксондардың бір бөлігі аяқталады. 
Сондықтан, таламус 
организмнің сыртқы және ішкі ортадан 
алатын 
барлық афферентті 
импульстерінің 
қыртысастылық негізгі 
орталығы қызметін атқарады. 
Таламусарты аймағы немесе 
метаталамус

metathalamus, 
пішіні жартылай 
эллипстәрізді медиалды және латералды иінді денелерден тұрады. 
Медиалды иінді дене

corpus geniculatum mediale, 
таламус жастығының астында орналасып, ортаңғы мидың 
төменгі төбешігінің ядросымен бірге естудің қыртысасты
лық 
орталығы болып табылады. 
Латералды иінді дене, corpus geniculatum laterale, 
жастықтың төменгі-бүйір бетінде, көру 
жолының латералды шоғырының бойында орналасып, таламус жастығы ядросымен және 
жоғарғы төбешіктің сұр қабатымен бірге көрудің қыртысасты
лық 
орталықтары болып 
табылады. 
Сонымен
, екі иінді дене жоғарыда көрсетілгендей ( «ортаңғы миды» қара) 
ортаңғы ми төбешіктермен байланысады. 
Таламусүсті аймағына 
(эпиталамус), epithalamus, 
томпақ дене, жүген
шік
, жүген
шік 
дәнекері, жүген
шік 
үшбұрышы және эпиталам
устық 
(артқы) дәнекер жатады. 
Томпақ дене, corpus pineale, 
аралық мидың жоғарғы қабырғасының артқы бөлігінен 
дамиды, көлемі кішігірім томпақ 
пішінді, 
жоғарғы төбешіктердің арасындағы ұңғылда 
жатады. 
Ол қызметі бойынша эндокриндік бездерге жатады. 
Томпақ дененің алдынан екі 
жіңішке нерв тәждері – 
жүген
шел
ер, haben
u
lae, 
шығады. Олардың томпақ дененің 
алдыңғы шетінде 
бір - бірімен 
қосылатын жері 
жүген
шік 
дәнекері, 
commissura 
habenularum, 
деп аталады. Жүген
шелер
дің алдыңғы шеттері көру төмпелерінің жоғарғы 
және медиалды 
беттерінің 
шекарасында кеңейіп, әр жағынан 
жүген
шік 
үшбұрышын, 
trigonum habenulae, 
түзеді. 
Жүгеншік үшбұрышы алдыңғы шетінде 
милық жолаққа, stria 
medullaris thalami, 
жалғасады.
Эпиталам
уст
ық (артқы) дәнекер, commissura epithalamica (posterior), 
көлденең 
бағытта бір ми сыңарынан екіншісіне баратын, 
эпифиздің алдында және төмен жағында


276 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет