281
Нуржігіт Алтынбеков
Бұл беттегі негізгі анатомиялық құрылымдар «Миға жалпы шолуда» сипатталады.
Үлкен мидың бойлық саңылауы мен иіс сезу жүлгесінің аралығында
түзу қатпар, gyrus
rectus,
орналасады.Оның латералды жағында
көзұялық жүлгелермен, sulci orbitales,
бөлінген бірнеше
көзұялық қатпарлар, gyri orbitales,
жатады.
Шүйделік және самайлық үлестердің төменгі бетінде,
гиппокампжанындағы
қатпар, gyrus parahippocampalis,
оны латералды жағынан шектейтін
жанама жүлге,
sulcus collateralis,
жатады. Гиппокампжанындағы қатпардың алдыңғы иілген шеті -
ілмек,
cuneus,
деп аталады. Жанама жүлгенің латералды жағында
шүйде-самайлық медиалды
қатпар,gyrus occipitotemporalis medialis,
орналасады. Бұл қатпарды латералды жағынан
шүйде-самайлық жүлге, sulcus occipitotemporalis
, шектейді. Осы жүлгенің сыртында
шүйде-самайлық латералды қатпар, gyrus occipitotempralis lateralis,
жатады. Үлкен
мидың төменгі-латералды жиегі аталған қатпарды
төменгі самайлық қатпардан
бөліп
тұрады.
Төменгі бет:
Самай
лық
үлес
тің
төменгі беті мен шүйде
лік
үлес
тің
төменгі бөлігінің
жартысында орналасқан коллатералды жүлге,
sulcus collateralis
, шамамен алдыңғы үш
жүлгеге паралелль орналасады. Латералды шүйде-самай қатпары,
gyrus occipitotemporalis
lateralis
,
коллатералды және төменгі самай жүлгелерінің арасында жатады.
Парагиппокамптық қатпар,
gyrus parahippcampalis,
коллатералды жүлгеден
ішке қарай,
алдыңғы қатпарларға паралелль орналасып, ми сабауынан гиппокамп жүлгесі,
sulcus
hippocampi
, арқылы шектеледі. Парагиппокамптық қатпардың
вентралды шеті жоғарғы
және артқы жағынан ілмек,
uncus
, тәрізді иілген. Гиппокамп жүлгесінің тереңінде иіс сезу
миының анық көрінетін рудименті болып табылатын,
тісті болып келген, кішігірім,
жіңішке қатпар,
gyrus dentatus,
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: