Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Бас сүйек нервтерінің анатомиясы



Pdf көрінісі
бет252/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Бас сүйек нервтерінің анатомиясы 
 
Бассүйек нервтерінің анатомиясы және қызметі тікелей мимен байланысты. Рим 
сандарымен белгіленген 12 жұп бассүйек нервтері: 


289 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
І – жұп –иіс сезу нервтері, 
nn. olfactorii 
ІІ – жұп –көру нерві, 
n.opticus 
ІІІ – жұп –көз қозғалтқыш нерв, 
n.oculomotorius 
ІV – жұп– шығыршық нерві, 
n.trochlearis 
V – жұп –үшкіл нерв, 
n.trigeminus 
VІ– жұп–әкететін нерв, 
n.abducens 
VІІ– жұп–бет нерві, 
n.facialis 
VІІІ– жұп–кіреберіс – ұлу нерві, 
n.vestubulicochlearis 
ІХ– жұп–тіл -жұтқыншақ нерві, 
n.glossopharyngeus 
Х– жұп–кезбе нерв, 
n.vagus 
ХІ– жұп–қосымша нерв, 
n.accessorius 
ХІІ– жұп–тіл асты нерві, 
n.hypoglossus 
І және ІІ жұп бассүйек нервтері алдыңғы миден мен, ал ІІІ – ХІІ жұптар – ми сабауының 
әртүрлі бөліктерінен дамыған. Сонымен бірге ІІІ, ІV – жұп нервтері ортаңғы мимен, V – 
VІІІ жұптар көпірмен және ІХ – ХІІ- жұптар сопақша мимен байланысты. Нерв 
талшықтарының құрамы бойынша бассүйек нервтері үш топқа бөлінеді: 
1)
Сезімтал нервтер – І,ІІ және VІІІ – жұптар 
2)
Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптар 
3)
Аралас нервтер – ІІІ, V, VІІ, ІХ және Х - жұптар 
Сезімтал нервтер, І жұп үшін мұрын қуысының шырышты қабығында, ІІ – жұп 
үшін көздің торлы қабығында және VІІІ- жұп үшін сезімтал түйіндерде орналасқан 
жасушалардың орталыққа тебетін сезімтал талшықтарымен түзілген. 
Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптардың қозғалтқыш ядроларының 
жасушаларының аксондарынан түзілген. 
Аралас нервтердің құрамы әртүрлі болады. V, VІІ, ІХ және Х- жұптардың сезімтал 
құрауышы, сезімтал түйіндердегі псевдоуниполярлық жасушалардың орталық 
өсінділерінің жиынтығы болып саналады. 
ІІІ, ІV, V, VІ, VІІ, ІХ және Х- жұптардың қозғалтқыш құрауышы осы нервтердің 
қозғалтқыш ядролары жасушаларының аксондар жиынтығы болады. Аралас нервтерде 
парасимпатикалық құрауыш, ІІІ, VІІ, ІХ, Х- жұптардың құрамында бар. Ол сәйкес 
нервтердің ядроларынан басталып вегетативті түйіндерге жететін түйін алды 
(преганглионарлық) парасимпатикалық талшықтардан немесе көрсетілген түйіндер 
жасушаларының аксондарынан түзілген. 


290 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет