Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет253/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Иіс сезу нерві (І) 
Иіс сезу нерві, nn. оlfactorii – І жұп нерві. Ол мұрын қуысының иіс сезу аймағының 
шырышты қабығындағы биполярлы иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен 
құралған. Иіс сезу нерві біртұтас сабауға жиналмайды, бірақ торлы сүйектің тесіктелген 
табақшасы арқылы бассүйек ішіне өтетін бірнеше будалар (15-20) қалыптастырады. Иіс 
сезу нерві иіс сезу буылтығының жасушаларында аяқталады. 
Көру нерві (ІІ) 
Көру нерві, n.opticus – ІІ жұп нерві, торлы қабықтың соқыр дақ (көру нерві дискісі) 
аймағында жақындасатын торлы қабықтың ганглиялық қабатының мультиполярлы 
нейрондарының аксондарынан түзілген. Көру нервінің құрамында 1 млн. шамасында 
талшықтар бар, сондықтан оның жуандығы қабықтарымен бірге 4 мм құрайды. 
Топографиясы бойынша көру нерві төрт бөліктен тұрады: 
1)
Көз іші бөлігі - склера мен тамырлы қабықты тесіп өтеді; 
2)
Көзұялық бөлік – көз алмасы мен көру өзегі аралығында; 
3)
Өзек іші бөлігі – көру өзегінің ұзындығымен бірдей; 
4)
Бассүйек іші бөлігі – ми негізінде, торлы қабық астындағы кеңістікте, көру 
өзегінен көру қиылысына дейін. 
Көру нервінің жалпы ұзындығы 50 мм шамасында. Сонымен бірге ең ұзыны 
көзұялық бөлігі (25-30 мм) Көру нерві көзұяда жан-жағынан ішкі және сыртқы 
қынаптармен қоршалған, олар мидың қатты және жұмсақ қабықтарының жалғасы, әрі 
қарай склераға ұласады. Қынаптар арасында, мидың қабықаралық қуыстарына ағып 
шығатын көзіші сұйықтығы бар саңылау тәрізді қынапаралық кеңістік жатыр. 
Көзұялық бөліктің орта жерінде көру нервінің сабауының астынан торлы 
қабықтың орталық артериясы (көз артериясының тармағы) кіреді, ол сәйкес венамен бірге 
көру нервінің ішінде орналасады. Ми негізінде оң және сол көру нервтері бір-бірімен 
жақындасып жартылай көру қиылысын – «Хиазма» құрады. 
Көз қозғалштқыш нерві (ІІІ) 
Көз қозғалтқыш нерві, n.oculomotorius – жұп нерві. Ол қозғалтқыш және 
вегатативтік ядролардың аксондарынан түзілген. Талшықтар құрамы бойынша аралас 
нерв. Жұп қозғалтқыш ядросы ірі ол 5 сегменттен тұрады. Әр сегмент көз алмасының 
белгілі бір бұлшықетімен жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықеттің нервтенуін қамтамасыз 
етеді. Сыңар қозғалтқыш ядро-орталық сыңар ядро, қозғалтқыш ядроның төменгі 


291 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет