Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет261/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Бірінші бөлігінде нерв тармақтар бермейді. Бет нервінің екінші бөлігінен үш тармақ 
шығады: 
1)
Үлкен тасты нерв, n.petrosus major, құрамы бойынша парасимпатикалық. Ол жоғарғы 
сілекей бөлетін және көз жас ядроларының аксоны болатын преганглионарлық 
талшықтардан түзілген. Үлкен тасты нерв, бет нервінің иіні тұсында басталып, онана әрі 
самай сүйек пирамидасындағы аттас өзек арқылы өтіп, саңылау арқылы пирамиданың 
алдыңғы бетіне шығады. Онан әрі аттас жүлгемен жыртық тесікке жетіп, ол арқылы 
бассүйек негізінің сыртында орналасқан қанаттәрізді өзекке кіреді. Өзек нервті 
қанаттаңдай шұңқырында орналасқан қанаттаңдай түйініне жеткізеді. Нерв қанат таңдай 
түйінінің нейрондарында бітеді. Айта кету керек, қанат тәрізді өзекте үлкен тасты нервке 
ішкі ұйқы артериясы өрімінен симпатикалық нерв – терең тасты нерв, n.petrosus 
profundus қосылады, біріккен нерв, қанаттәрізді өзектің нерві, n. canalis pterygoidei деп 
аталады. 
Бұрын көрсетілгендей, қанаттаңдай түйіні жоғарғы жақсүйек нервінен түйіндік 
тармақтар, rami ganglionares алады, ал оның постганглионарлық талшықтары таңдай 
нервтерімен, nn.palatini, мұрынның артқы нервтері, nn.nasales posteriorеs, құрамында 
ауыз және мұрын қуыстарының шырышты бездеріне жетеді. 
Көзжас безіне қанаттаңдай түйінінен шығатын постганлионарлық секреттік талшықтар 
басында бетсүйек нерві құрамында болады, сонан соң одан бөлініп анастамоз арқылы 
көз жас нервіне (көз нервінің тармағы) қосылады. 
2)
Дабыл ішегі, chorda tympani, ірі аралас нерв. Ол, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін сезімтал 
дәм сезумен қамтамасыз ететін дәм сезу талшықтарынан және төменгі жақсүйекасты 
және тіласты сілекей бездеріне, тілдің майда бездеріне баратын парасимпатикалық 
преганглионарлық 
(секреттік) 
талшықтардан 
құралған. 
Парасимпатикалық 
преганглионарлық талшықтар жоғарғы сілекей бөлетін ядроның нейрондарынан 
басталып төменгі жақсүйекасты және тіласты түйіндердің нейрондарында бітеді. 
Сілекей бездеріне осы түйіндердің парасимпатикалық постганглионарлық талшықтары 
келеді. Дабыл ішегі бет нервінен беттік өзектің төмендеген бөлігі тұсында шығады да 
кері қайтып дабыл қуысына кіреді, сөйтіп самай сүйек пирамидасынан тас-дабыл 
саңылауы арқылы шығады. Дербес нерв болып 5-10 мм өткеннен соң дабыл шегі тіл 
нервімен қосылып (төменгі жақсүйек нерві тармағы) оның құрамында тіл бүртіктеріне 
және вегетативтік түйіндерге жетеді. 
3)
Үзеңгі нерві, n.stapedius, қозғалтқыш, бет нервінен беттік өзектің төмендеген бөлігінде 
шығады, үзеңгі бұлшықетін нервтендіреді. Бет нервінің беттік өзектен шыққаннан 
кейінгі тармақтары: 


299 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет