Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет262/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
1)
артқы құлақ нерві, n. auricularis posterior – құлақтың артқы бұлшықетіне, 
бассүйек үстілік бұлшықеттің шүйделік қарыншасына; 
2)
қос қарыншалы тармақ, ramus digastricus– қос қарыншалы бұлшықеттің артқы 
қарыншасына 
3)
біз– тіласты тармақ, ramus stylohyoideus – біз– тіласты бұлшықетіне. 
Сонан соң бет нерві шықшыт безіне кіріп бір– бірімен қосылған 5-6 тармақтарға 
бөлінеді. Сонымен шықшыт безі ішінде шықшыт өрімі, plexus parotideus, түзіледі. 
Онан 5 қозғалтқыш тармақтар шығады: 
1)
самайлық тармақтар, rami temporalis, бассүйек үсті бұлшықетінің маңдайлық 
қарыншасына, құлақтың алдыңғы бұлшықетіне және көздің 
дөңгелек 
бұлшықетіне; 
2)
бетсүйектік тармақтар, rami zуgomatici, көздің дөңелек бұлшықетіне және 
бассүйектің үлкен бұлшықетіне; 
3)
ұрттық тармақтар, rami buccales– бетсүйектің үлкен және кіші бұлшықетіне, 
жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықетке, ұрт бұлшықетіне, езуді көтеретін 
бұлшықетке, күлкі, мұрын және ауыздың дөңгелек бұлшық еттеріне; 
4)
төменгі жақсүйектің жиектік тармағы, ramus marginalis mandibulaе, езуді түсіретін 
бұлшықетке, төменгі ерінді түсіретін бұлшықетке, иек бұлшықетіне; 
5)
мойындық тармақтар, ramus colli– мойынның тері асты бұлшықетіне. Бұл тармақ 
төменгі жақсүйек бұрышының артымен мойынға өтіп мойын мойын өрімінің 
көлденең нервімен қосылып, беткей мойын ілмегін, ansa cervicalis superficialis, 
түзеді. Қалған қозғалтқыш тармақтар құлақ қалқаны бүртігінің алдында желпініш 
тәрізді орналасып бірнеше рет соңғы тармақтараға бөлінеді; 
Сонымен, бет нерві нервтендіреді: барлық бет бұлшықеттерін,(ымдау 
(мимикалық)), үзеңгі бұлшықетіне, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәм сезу бүртіктерін, 
төменгі жақсүйек асты және тіл асты сілекей бездерін, таңдайдың шырышты бездерін, 
мұрын қуысын және көзжас безін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет