Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет259/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
шығады, олар бір бірімен қосылып төменгі тістік өрім (plexus dentalis inferior) 
түзеді. 
Өрімнің тармақтары: 
1)
Төменгі тістік тармақтар, rami dentalis inferior – төменгі тістерге; 
2)
Төменгі қызыл иекті тармақтар, rami gingivalis inferior – төменгі қызыл иекке. 
Төменгі ұяшықтық нерв төменгі жақсүйектің өзегінен иек тесігі арқылы шығып иек 
нерві, n.mentalis, деп аталады. Иек нерві желпініш тәрізді көптеген иектік және төменгі 
еріндік тармақтарға, rami mentales et rami labiales inferiors, бөлініп иекпен төменгі еріннің 
терісін нервтендіреді. 
3)
Тіл нерві, n.lingualis, төменгі жақсүйек нервінің көлемі бойынша екінші тармағы. 
Қызметі бойынша сезімтал нерв. Бассүйектің сыртқы негізінде тіл нервіне, 
құрамында сезімтал дәм сезу талшықтары мен жоғарғы сілекей бөлетін ядродан 
шығатын парасимпатикалық преганглионарлық талшықтары бар дабыл ішегі, 
chorda tympani (VІІ- жұптан) қосылады. 
Тіл нерві дабыл ішегі қосылғаннан кейін қанаттәрізді бұлшықеттер арасымен, сосын 
төменгі жақсүйек тармағының ішкі бетімен өтеді де доға тәрізді иіліп төменгі беті 
жағынан тілге енеді. Тілде ол көптеген тармақтарға rami lingualis, бөлініп тілдің алдыңғы 
2/3 бөлігін жалпы және дәм сезімдерімен қаматамасыз етеді. Ауыз қуысы түбі аймағында 
тіл нерві келесі тармақтар береді: 
1)
Тіласты тармақтар, rami sublingualеs – төменгі жақсүйекасты тіласты сілекей 
бездеріне, ауыз қуысы түбінің және төменгі қызыл иектің шырышты қабығына; 
2)
Тамақ (аран) қылтасының тармақтары – таңдай-тіл доғасына және таңдай 
бадамшасына. 
Айта кету керек, тіласты тармағаның құрамындағы дабыл ішегінің парасимпатикалық 
преганглионарлық талшықтары ағзаға жетер жолында төменгі жақсүйекасты және 
тұрақсыз тіласты вегетативтік түйіндерде үзіледі. Бұл түйіндер өздері нервтендіретін 
сілекей бездерінің жанында орналасқан. 
4)
Құлақ самай нерві, n.auriculotemporalis, төменгі жақсүйек нервінен екі тармақпен 
басталады, олар ортаңғы менингиалды артерияны қоршап, сонан соң бір бірімен қосылып 
бір сабау түзеді. Құлақ-самай нерві төменгі жақсүйектің айдаршықтық өсіндісінің 
мойнының артынан орап шықшыт безін тесіп өтеді, беткей самай артериясымен қатар 
жүріп, сыртқы есту өтісі шеміршегінің алдында орналасады. 
Құлақ самай нервінің тармақтары: 
1)
Сыртқы есту өтісінің нерві, n.meatus acustici externi, сыртқы есту жолының терісіне, 
шеміршегіне және шықшыт буынына; 


297 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет