Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет246/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
зақымданғанда ерікті қозғалыстар элементтері сақталады, бірақ оларды координациялау 
мүмкіндігі жоғалады (апраксия). 
Статикалық анализатордың (тепе-теңдік қабылдау мен кеңістіктегі дене жағдайын 
сезіну) дәл орналасу орны әлі толық анықталған жоқ, бірақ бұл орталық жоғарғы және 
ортаңғы самай қатпарларында орналасады деп болжам жасалады. 
Есту орталығы жоғарғы самай қатпары қыртысының аралшыққа қараған жағында 
орналасады (41, 42, 52 алаңдар). Орталықтың екі жақты зақымдануы толық қыртыстық 
кереңдікке әкеледі. 
Gyrus parahippocampalis 
пен оның ілмегінде иіс және дәм сезу анализаторларының 
орталықтары орналасады. Әр ми сыңарының есту, иіс және дәм сезудің қыртысасты 
орталықтары бастың екі жартысының да (оң және сол) сәйкес рецепторларымен 
байланысады. 
Көру анализаторының ядросы 
sulcus calcarinus
-тың (17, 18 алаңдар) екі жағында 
орналасады. Әр ми сыңарының көру орталығы өз жағының торлы қабығының сыртқы 
жартысымен және қарама қарсы жақтың медиалды жартысымен байланысады. 
Сuneus 
аймағында көргенді есте сақтау және көруді бағдарлау орталықтары орналасады. 
Gyrus postcentralis
-те (1, 2, 3 алаңдар) терілік анализатор ядролары (ауру сезімінің, 
тактилді, температуралық сезімталдық) жинақталады, сондай-ақ, қыртыстың шетке 
баратын нерв элементтерінің проекциясы олардың орталықалды проекциясымен бірдей. 
Вегетативті нерв жүйесі мен жалпы нерв жүйесінің өзара әсерін реттейтін 
қыртыстық орталықтар орталықалды қатпарының төменгі бөлігі мен маңдай 
қатпарларында жинақталған. Мұнда ішкі ағзалардан, тамырлардан, бірыңғай салалы 
бұлшықеттерден орталыққа тепкіш импульстер түсіп, ішкі ағзалардан, тамырлардан, 
бірыңғай бұлшықеттерден қыртысасты ядролар мен төмпеасты аймағына орталықтан 
тепкіш импульстер шығады. 
Жоғарыда айтылғандар үлкен ми қыртысын сыртқы және ішкі ортадан сигнал 
түсетін және орталықтан тепкіш нерв импульстері түсетін сигналдық тақта ретінде 
қарастыруға негіз болады. Анализаторлардың бұл жүйесін барлық жануарларда, соның 
ішінде, адамда болатын бірінші сигналдық жүйе ретінде қарастыру қабылданған 
(И.В.Павлов). 
Адам эволюциясы үрдісінде біріншіден басқа еңбек қызметімен және сөйлеумен 
байланысты екінші сигналдық жүйе пайда болды. Бұл жүйе түзілуінің негізінде 
абстрактылы ойды сөз түрінде және бейнелі түрде (бейнелеу өнері т.б.) жеткізу жатады. 
Мұның бәрі нақты бір сигналдар (көру, есту, сипау және т.б.) мен қол, тіл, көмей, бет және 
т.б. бұлшықеттерінің қимылдық орталықтарының арасында уақытша байланыс орнау 


284 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет