Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет66/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Иық белдеуі аймағында буындарға қатысы жоқ жауырынның меншікті үш 
байламы бар. Олардың біреуі 
құстұмсықтәрізді-акромиондық байлам, lig. 
coracoacromiale, 
акромионның алдыңғы жиегі мен құстұмсықтәрізді өсіндінің арасында 
орналасқан ұшбұрышты, жалпақ мықты байлам. Ол иық буынының «күмбезі» болып 
табылады да, қолды сагитталды біліктің айналасында әкеткен кезде тоқпан жіліктің 
жоғары қозғалуын шектеп тұрады. 
Жауырынның жоғарғы көлденең байламы, lig. transversum scapule superius

жауырын тілігінің үстінде орналасып, тамырлар мен нервтер өтетін тесік түзеді. 
Жауырынның төменгі көлденең байламы, lig. transversum scapule inferius, 
акромионның негізі мен буындық ойыстың артқы жиегінің арасында орналасқан қысқа, 
жіңішке буда. 
Қолдың еркін бөлігінің буындары 
 
 
Иық буыны 
 
 
Иық буынын
, articulatio humeri, 
тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буындық 
ойысы түзеді. Буындық ойыстың жиегін бойлай, буындық беттердің сәйкестілігін 
(конгруэнттілігін) ұлғайтатын 
буындық ернеу, labrum glenoidale, 
орналасқан. Буын – 
пішіні бойынша щартәрізді, көпбілікті, буындардың ішіндегі ең қозғалмалысы болып 
табылады. Себебі қосылысатын буындық беттердің айырмашылығы үлкен 
(инконгруэнтті), буындық қапшық жұқа және еркін бекіген. Буындық қапшық 
жауырындағы буындық ойыстың жиегіне және ернеудің сыртқы бетіне, тоқпан жіліктің 
анатомиялық мойнына бекиді. Екі төмпешік буын қуысының сыртында жатады. 
Буындық қапшықты жоғарғы жағынан 
құстұмсық-тоқпан жілік байламы, lig. 
coracoacromiale, 
бекітіп тұрады. Ол құстұмсықтәрізді өсіндінің негізінен басталып, 
тоқпан жіліктің анатомиялық мойнының жоғарғы бөлігіне бекиді. Буындық қапшықты 
байламдардан басқа жанында жататын 
mm. supraspinatus, infraspinatus, teres minor, 
subscapularis, 
бұлшықеттерінің сіңірлері де бекітіп тұрады. Бұл буынның ерекшелігі 
оның қуысы арқылы иықтың екі басты бұлшықетінің сіңірі (tendo m. bicipitis brachii) 
өтеді. Сіңір, 
төмпешікаралық синовиалық қынапқа, vaqina synovialis intertubercularis, 
жалғасатын синовиалық жарғақтың өсіндісімен жабылған. Буындық қапшықтың 


99 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет