173
Нуржігіт Алтынбеков
таңдайды жауып, қатты таңдаймен тығыз бітісіп артынан жұмсақ таңдайға жалғасса, екі
жағынан жоғарғы жақсүйектің ұяшықтарына өтіп қызылиек түзеді.
Қатты таңдай (Palatum durum)-жоғарғы жақсүйектердің таңдайлық
өсінділерімен таңдай
сүйектерінің горизонтальды табақшаларынан құралған. Ол таңдайдың алдынғы 2/3 бөлігін
құрады. Қатты таңдайдың ортаңғы сызығы бойымен таңдай жігі (raphe palati) өтеді. Одан
екі жаққа қарай, балаларда өте жақсы жетілген көлденең қатпарлар шығады.
Жұмсақ таңдай (Palatum molle)-таңдайдың артқы 1/3 бөлігін құрайды.
Жұмсақ таңдай, таңдайдың жалпақ сіңірі мен бұлшықеттерінен құралған, аңқаны түзуге
қатынасады. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабығы жұтқыншақтың
мұрындық бөлігі
шырышты қабығының жалғасы, ал алдында қатты таңдайдың шырышты қабығына өтеді.
Жұмсақ таңдай, горизонтальді орналасқан алдыңғы бөлімінен және еркін салбырап тұрған
таңдай пердесін (velum palatinum) түзетін артқы бөлімінен тұрады. Жұмсақ таңдайдың
артқы бөлігінің ортасында шағын өсінді-тілшік бар. Жұмсақ таңдайдың бүйір жиектерінен
екі доғашық шығады: алдыңғы, таңдай-тіл доғасы (arcus palatoglossus) және артқы, таңдай-
жұтқыншақ доғасы (arcus palatopharyngeus). Доғалар ішінде таңдай бадамшасы (tonsilla
palatina) жатқан бадамша шұңқыршасын (fosso tonsillaris) шектейді.
Бұл бадамшаның құрылысының ерекшелігі ағза тініне
терең енетін крипталармен
фиброзды қабықтың болуы. Осындай құрылым ағзада жиі қайталанатын қабыну үрдісіне
тікелей байланысты.
Таңдай бадамшасының артынан 1см алшақтау ішкі ұйқы артериясы өтеді. Бадамша ең
жоғарғы көлемге 17 жаста жетеді.
Жұмсақ таңдай бұлшықеттері:
1)
Таңдай-тіл бұлшықеті (m.palatoglossus)-таңдай пердесін төмен түсіреді,
аңқа тесігін
тарылтады.
2)
Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті (m. palatopharyngeus)-таңдай пердесін төмен түсіреді;
аңқай тесігін тарылтады.
3)
Таңдай пердесін көтеретін бұлшықет (m.levator veli palatini)- жұмсақ таңдайды көтереді.
4)
Таңдай пердесін керетін бұлшықет (m.tensor veli palatini)-таңдай пердесін кереді, есту
түтігінің саңылауын кенейтеді.