Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет174/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Иық-бас сабауы (truncus brachiocephalicus) ІІ-оң қабырға шеміршегі тұсында қолқа 
доғасынан басталып кеңірдектің алдында және иық-бас венасының артында орналасады, 
оң төс-бұғана буынының деңгейінде оның соңғы тармақтары болатын оң жалпы ұйқы 
және оң бұғанаасты артерияларына бөлінеді. 
Сол жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis sinistra) тікелей қолқа доғасынан 
басталады. 
СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ (a.carotis externa) – жалпы ұйқы артериясының екі 
тармағының біреуі, ол едәуір тармақтар береді. 
Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармақтары. 
Жоғарғы қалқанша артериясы (a.thyroidea superior) қалқанша бездің жоғарғы ұшында 
алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бұл артериялардың бүйір тармақтары: 
1.
Тіласты асты тармағы (r.infrahyoideus) 
2.
Төс-бұғана-емізік тармағы (r.sternocleidomastoidea) 
3.
Көмейдің жоғарғы артериясы (r.laringea superior) 
4.
Жүзік-қалқанша тармағы (r.cricothyroideus). 
Тіл артериясы (a.lingualis), тіласты сүйегінің үлкен мүйізінің жанында артқы тармақтарын 
береді, ал оның соңғы тармағы – тілдің терең артериясы (a.profunda linuae), тілге енгенге 
дейін одан екі тармақ шығады: тіласты артериясы (a.sublingualis) және тіласты үсті 
тармағы (r.suprahyoideus). 
Бет артериясы (a.facialis) тіл артериясынан сәл жоғары басталады. Бетке келесі тармақтар 
береді: 
1.
Жоғарғы ерін артериясы (a.labialis) 
2.
Төменгі ерін артериясы (a.labialis inferior ) 
3.
Бұрыштық артерия (a.angularis) 
Бет артериясының мойынға беретін тармақтары: 
1.
Бадамшалық тармақ (r.tonsillaris) 
2.
Иекасты артериясы (a.submentalis) 
3.
Жоғарылаған таңдай артериясы (a.palatina ascendens) 
Сыртқы ұйқы артериясының артқы тармақтары: 
1.
Құлақтың артқы артериясы (a.auricularis) 
2.
Шүйделік тармақ (r.occipitalis) 


215 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет