Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет176/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ІШКІ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ТАРМАҚТАРЫ 
Ішкі ұйқы артериясы (a.carotis interna) ми мен көру ағзасын қанмен қамтамасыз етеді. 
Оның келесі бөліктерін айырады: мойын (pars cervicalis), үңгірлі (pars cavernosa), тасты 
(pars petrosa) және милық (pars cerebralis). 
Артерияның милық бөлігі көз артериясын беріп түрік ертоқымының алдыңғы еңкейген 
өсіндісінің ішкі жиегі жанында соңғы тармақтарға (алдыңғы және ортаңғы ми 
артериялары) бөлінеді. 
Көз артериясы (a.ophtalmica) тармақтары: 
1.
Торлы қабықтың орталық артериясы (a.centralis retinae) 
2.
Көзжас артериясы (a.lacrimalis) 
3.
Артқы торлы артерия (a.ethmoidalis) 
4.
Алдыңғы торлы артерия (a.ethmoidalis anterior) 
5.
Артқы кірпіктік ұзын және қысқа артериялар (aa.ciliares posteriores longae et breves) 
6.
Алдыңғы кірпіктік артериялар (aa.ciliares anteriores) 
7.
Бұлшықеттік артериялар (aa.musculares) 
8.
Қабақтардың медиальді артериялары (aa.palpevrales) қабақтардың латеральді 
артерияларымен қосылып жоғарғы және төменгі қабақтар доғасын түзеді. 
9.
Шығыршықүсті артериясы (a.supratrochlearis). 
Ортаңғы ми артериясында (a.cerebri media ) сынатәрізді (pars sphenoidalis), аралшық (pars 
unsularis) және қыртыс (pars corticalis) бөліктерін ажыратады. 
Алдыңғы ми артериясы (a.celebri anterior) қарама-қарсы аттас артериямен алдыңғы 
дәнекер артерия (a.comminicans anterior) арқылы қосылады. 
Артқы дәнекер тармақ (a.communicans posterior) сыртқы және ішкі ұйқы артериялары 
тармақтарын қосушылардың бірі болып саналады. 
Алдыңғы бүрлі артерия (a.choroidea anterior). 
Бұғанаасты артериясының (a.subclavia) тармақтары: артерияның үш бөлімін айырады: 
біріншісінен – омыртқа артериясы, кеуделік ішкі артерия және қалқанша-мойын сабауы, 
екіншісінен – қабырға-мойын сабауы, үшіншісінен – тұрақсыз, мойынның көлденең 
артериялары шығады. 


217 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет