Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет195/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Тимустың үлесаралық қалқалары бойымен тығыз, кең ілмекті капиллярлық торлар 
орналасқан, олар көбіне ірі-ірі қантамырлар айналасын қоршап жатады. Көлемдері 14-70 
мк. Үлесаралық тамырлар үлестердің бетінде анастомоздар торын түзеп әрі қарай 
радиалды бағытта қыртыс бөлігінің ішіне кіреді. 
Көлемдері 95-98 мк үлесаралық тамырлар үлестер ішіне полюстер жақтарынан 
енедіде бездің қыртыс бөлігі арқылы өтіп милы бөлігінде тармақталады. Бездің қыртысы 
және милы бөліктерінің аралығында осы үлестердің қантамырларының ұштарынан 
құралған доғатәріздес анастомоздар торын байқауға болады. Айырша бездің үлестерінің 
беткей тамырлар торын құрайтын тамырларының көлемі 28-70 мк аралығында болса, 
қыртыстық және милық бөліктер шекарасындағы анастомоздың тор тамырларының 
көлемі 28-84 мк аралығында, ал қыртыс үлесіндегі радиалды орналасқан тамырлар көлемі 
14-59 мк шамасында, олар өзара байланысып тамырлардың ірі ілмектерін түзеп қыртысты 
үлестің кейбір аймақтарын қоршай орналасады. Айырша бездің көп капиллярлары 
үлестерден тыс шықпай өз ішінде көрші үлестер ішіне жалғасуы мүмкін. Айырша бездің 
тамырлары даму үрдісі кезінде мүше ішіне дәнекертіндік талшықтармен бірге енеді, 
сондықтан олардың арасындағы тығыз байланыс дамып қалыптасқан безде де жақсы 
сақталады. 
Айырша бездің ішіндегі дәнекертін қабаттардың құрылысы олар арқылы өтетін 
тамырлардың пішіндерімен көлемдеріне байланысты. Мысалы: жуан дәнекертінді 
талшықтар бірнеше қабатпен капсулярлық тамырларды қоршап олардың сыртқы 
қабаттарына (адвентиция) енеді, ал дәнекертін талшықтарының бір бөлігі бездің ішіне 
тереңдеп кіріп олардың үлесараларына тарайды. Үлесаралық дәнекертін қалқаларында 
бірнеше қабаттардан тұратын агрофильді (ретикулярлы) талшықтар орналасады, олар ірі 
үлесаралық тамырлар өтетін тұста және олардың тармақталанатын орындарында көптеп 
кездеседі. Осы аймақта артериялар мен веналарды қоршайтын агрофильді талшықтардың 
бір ұштары осы тармақтардың адвентициясына енсе, екінші ұштары иректелген 
агрофильді талшықтар түрінде үлестер аралығына еніп солар арқылы өтетін ірі-ірі 
тамырлар мен олардың тармақтары үшін тірек аппаратын түзеді. Олар әрі қарай бездің 
үлестерінің бетінде және қыртысты затпен милы заттардың аралықтарында бірнеше 
агрофильды қабатты жарғақ құрайды. Ішкі агрофильды жарғақ тор тәріздес болады, ал 
олардың ілмектерінің аралықтарында милы және қыртыс заттар аралығында анастомоздар 
түзейтін ірі-ірі тамырлар орналасқан. Өте нәзік спиральтәрізді иректелген агрофильді 
талшықтар милы затта қыртыс бөлігімен салыстырғанда көптеп кездеседі. Олар милы 
затқа тамырлармен қосарланып енеді де тамырлар торына ұқсас майда ілмекті торлар 


236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет