Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет209/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
отырып қапшық бойымен ірі ілмекті өрім, ал қалқалар бойымен және лимфатәрізді 
түйіншелерде майда ілмекті өрімдер түзеді. Лимфа түйіндерінің веналары артериялардан 
бөлек орналасады, тек қақпа аймағында қосарлана жүреді. Түйін қапшығындағы веналық 
өрім милық заттың венасына ұласады, олар әрі қарай қалқаларға енеді. Қақпа маңылық 
қалыңдықтың қалқаларындағы веналық өрім қақпаға жетеді, олар бір-бірімен қосылып бір 
ірі венаға айналады, ол веналық қанды түйіннен алып шығады. 
Лимфа түйіндерінің нервтенуі 
 
Лимфа түйіндері көп мөлшерде симпатикалық (норадренергиялық) және 
парасимпатикалық (халинергиялық) нервтермен нервтенеді. 
Адренергиялық талшықтар лимфа түйіндеріне негізінен қантамырлармен бірге еніп 
ретикулярлы жасушалар аралықтарында өрімдеп түзеді. Холинергиялық нерв талшықтары 
лимфа түйіндерінде жақсы жетілген қақпа маңындағы өрім және периваскулярлық 
талшықтар түрінде кездеседі. 
Лимфа түйіндерінің қызметі 
 
1.
Механикалық сүзгі (барьерлік қызметі): лимфа түйінінің қойнаулары арқылы 
өткенде, олардың торларында әртүрлі микроорганизмдер, бүлінген және қатерлі 
ісік жасушалары, табиғаты бөгде заттар (шаң-тозаң бөлшектері) сүзіледі. 
2.
Биологиялық фильтр: фагоциттік жасушалар сүзілген заттарды ұстап, жояды. 
3.
Иммундық қызметі: лимфа түйіндерінде лимфоцитопоэз жүреді, яғни лимфоциттер 
түзіледі (Т және В лимфоциттер, макрофагтардың қатысуымен иммундық үрдісті 
қамтамасыз етеді). 
4.
Лимфа депосы. Түйіндер лимфа тамырларымен бірге резервуарлық қызмет 
ақтарады. Қан азайған кезде оның есесін қайтаратын реакциялармен бірге веналық 
қанға құйылатын лимфа мөлшері көбейеді. 
Егде шақта лимфа түйіндерінде дәнекер тін көбейіп, май басады да, олар табиғи 
құрылысы мен қасиеттерін жоғалтып, лимфа өте алмайтын күйге келеді, яғни босап 
қалады, қатар жатқан лимфа түйіндері бітісіп кетеді, сөйтіп олардың саны азайғанмен 
көлемдері ұлғаяды. Осы аталған жағдайларға байланысты қарт адамдарда иммунитет 
әлсірейді. 


251 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет