Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет206/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Лимфа капиллярлары балаларда жақсы дамыған, кәрі адамдарда азаяды, себебі жас 
адамдарда зат алмасу үрдісі жоғары деңгейде жүреді. 
Лимфа тамырлары 
 
Лимфа капиллярларының қабырғасының құрылысы өзгеріп жуандайды да, лимфа 
тамырларына айналады. Ағза ішіндегі және көп жағдайда ағза сыртындағы лимфа 
тамырлары эндотелийінің сыртында жұқа дәнекер тінді қабық орналасады (бұлшықетсіз 
тамырлар). Ірірек лимфа тамырларының қабырғасы 3 қабықтан тұрады: 
1.
Эндотелийлік – tunica interna. 
2.
Бұлшықеттік – tunica media. 
3.
Дәнекертіндік – tunica externa, s.adventitia. 
Лимфа тамырларында қақпақшалар (клапандар – valvule lymphaticae) орналасады, олар 
лимфаны бір бағытта өткізуге көмектеседі. Егер лимфа капиллярларында қақпақша 
кездесетін болса, олар лимфа посткапиллярылары болып есептеледі. Әр қақпақшалар ішкі 
қабықтың қарама-қарсы орналасқан бір қатпарынан түзілген (ішкі ағзалар ішінде 2-3 мм- 
ден 12-15 мм дейін іріленеді). Қақпақшалар орналасқан жерде лимфа тамырлары 
кеңейген, ал қақпақшалар аралығында тарылған. Осы кең және тар жерлерінің өзара 
алмасып отыруы лимфа тамырларына ұсақ моншақ тәрізді пішін береді. Қақпақшааралық 
сегменттер лимфангиондар деп аталады. 
Лимфа ағының қамтамасыз ететін жағдайлар: 
1.
Түзіліп отыратын лимфа қысымы, тегеуріні. 
2.
Лимфа тамырларының бұлшықет қабығының жиырылуы. Олар ағза сыртындағы 
лимфа тамырларында айдаушы ролін атқарады, минутына 8-10 кейде 20 рет 
жиырылады. 
3.
Қаңқалық бұлшықеттер мен ішкі ағзалар (асқазан, ішек 
т.с.с. ) 
құрамындағы бірыңғай салалы бұлшықеттер жиырылуы. 
4.
Қан тамырларының соғуы, лүпілі. 
5.
Тыныс алу кезінде кеуде қуысында пайда болатын теріс қысым. 
Әдетте лимфа тамырлары қан тамырларының қасында орналасады. 


247 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет