Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет256/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
4)
Шығыршық астылық нерв, n. infratrochlearis – көздің медиалді бұрышымен мұрын 
түбінің терісіне, көздің жоғарғы қиғаш бұлшықетінің үстімен өтеді. 
5)
Дәнекер тармақ, rami communicans – кірпікті түйінге сезімтал талшықтар әкеліп, 
транзитпен түйін арқылы өтіп 15-20 қысқа кірпіктік нервтерге,, nn.ciliares breves 
ұласады. Қысқа кірпіктік нервтер нұрлы қабықпен кірпікті бұлшықетінің сезімтал 
және вегетативтік нервтенуін қамтамасыз етеді 
Маңдай нерві, n.frontalis, көз нервтерінің ішіндегі ең ірі тармағы, көз ұясының 
жоғарғы қабырғасының астымен жүреді. Ол екіге бөлінеді: 
1)
Көзұя үстілік нерв, n.supraorbitalis, көз ұя үстілік тілік арқылы шығып медиалді 
және латералді тармақтарға бөлінеді, маңдай терісін нервтендіреді. 
2)
Шығыршық үстілік нерв, n. supratrochlearis , жоғарғы қиғаш бұлшық ет 
шығыршығының үстімен өтеді, мұрын түбірінің, маңдайдың, жоғарғы және 
төменгі қабақтың медиалді бұрышының терісін нервтендіреді. 
6)
Көзжас нерві n.lacrimalis, көз ұяда ең латералді орналасқан нерв, ол көзжас безінің 
жалпы сезімтал нервтенуін қамтамасыз етеді. Көзжас нерві, құрамында көзжас 
безіне баратын қанаттаңдай түйінінің парасимпатикалық, постганглионарлық 
тармақтары бар бетсүйек нервінің дәнекер тармағын қосып алады. 
Жоғарғы жақсүйектік нерв 
Жоғарғы жақсүйектік нерв, nn.maxillaris, үшкіл нервтің 2 тармағы, ол жоғарғы 
қызыл иек пен жоғарғы тістерді, мұрынның, төменгі қабақтың, жоғарғы еріннің , ұрттың 
және самайдың терісін, таңдайдың, жоғарғы еріннің, мұрын қуысының, ұрттың, жоғарғы 
жақсүйек қойнауының шырышты қабықтарын нервтендіреді. Бассүйек ішінен дөңгелек 
тесік арқылы қанаттаңдай шұңқырына еніп тармақтарға бөлінеді: көзұя астылық нерв, 
бетсүйек нерві және қанат-таңдай түйіне-түйіндік тармақтар. 
І) көзұя астылық нерв, infraorbitalis, көзұяның төменгі саңылауы арқылы көзұяға кіріп 
көзұя асты жүлгемен көзұя асты өзекке енеді. Осы тұста көзұя астылық нервтен, 
жоғарғы тістік өрім, plexus dentalis superior , түзетін нервтер шығады: жоғарғы 


294 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет