Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет257/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
алдыңғы, ортаңғы және артқы ұяшықтық тармақтар, rami alveolares anteriores, medius et 
posteriorеs. 
Осы өрімнен жоғарғы қызылиек пен жоғарғы тістерді нервтендіретін, жоғарғы 
қызылиектік және жоғарғы тістік нервтер басталады. Нерв көзұядан жоғарғы жақ 
сүйектің алдыңғы бетіне көзұя астылық тесік арқылы шығып күрек тістік шұңқыр 
аймағында желпініш тәрізді бірнеше тармақтарға бөлініп «кіші қаз табанын», pes 
anserinus minor, түзеді. Оның тармақтары (кіші қаз табанының): 
1)
Төменгі қабақ тармақтары – төменгі қабақтың терісімен конъюнктивасына; 
2)
Сыртқы мұрындық тармақтар – танаудың терісіне; 
3)
Ішкі мұрындық тармақтар – мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің шырышты 
қабығына; 
4)
Жоғарғы еріндік тармақтар – жоғарғы еріннің терісімен шырышты қабығына. 
ІІ. Бетсүйек нерві, n.zygomaticus, жоғарғы жақ сүйек нервінен қанаттаңдай 
шұңқырында басталып көзұяның төменгі саңылауы арқылы көзұяға кіреді. Осы жерде 
көзжас нервіне дәнекер тармақ береді. Бұл тармақтың ішінде қанаттаңдай 
нейроциттерінен көзжас безіне баратын парасимпатикалық постганглионарлық 
талшықтар бар. Одан әрі бетсүйек нерві бетсүйек-көзұялық тесік арқылы бетсүйекке 
кіріп екіге бөлінеді: 
1)
Бетсүйек-самайлық тармақ, аттас тесік арқылы шығып самай аймағымен көздің 
латеральді бұрышының терісін нервтендіреді. 
2)
Бетсүйек-беттік тармақта, аттас тесік арқылы шығып бет пен ұрт аймағының 
терісін нервтендіреді. 
ІІІ. Түйіндік тармақтар, rami ganglionares, 2-3 түйіндік тармақтар жоғарғы жақ сүйек 
нервінен басталып қанаттаңдай түйініне бағыт алады. Тармақтардағы сезімтал 
талшықтар түйін арқылы транзитпен өтіп қанаттаңдай түйінінен шығатын тармақтар 
құрамына жалғасады. Бұл тармақтар келесі: 
1)
Мұрындық артқы жоғарғы медиальді және латералді тармақтар, nn.nasales posteriors 
mediales et laterales; сына-таңдай тесігі арқылы мұрын қуысының шырышты 
қабығына енеді; 
2)
Мұрын-таңдай нерві, n.nasоpalatina; басында сына таңдайлық тесік арқылы мұрын 
қалқасының шырышты қабығына өтеді, әрі қарай күректістік өзек арқылы қатты 
және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығына енеді; 


295 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет