Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет265/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Кезбе нерв (Х жұп) 
Кезбе нерв, n.vagus, бассүйек нервтерінің Х- жұп нерві, талшықтарының құрамы 
бойынша аралас. Ол сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. 
Оның сезімтал талшықтары, жоғарғы және төменгі сезімтал түйіндерде, ganglion inferius et 
superius, орналасқан псевдоуниполярлы жасушалардың шеткі өсінділері болса, ал осы 
жасушалардың орталық өсінділері сансыз көп түбіршіктердің құрамында сопақша миға 
кіріп, VІІ, ІХ және Х – жұп бассүйек нервтерінің жалпы жеке жол ядросында, 
nucl.solitarius, бітеді. 
Қозғалтқыш талшықтары, ІХ, Х-жұп нервтеріне жалпы, қос ядроның, nucl.ambiguus, 
жасушалырының 
аксондарынан 
түзілген. 
Парасимпатикалық 
преганглионарлық 
талшықтар дорсальді (артқы) ядродан, nucl.dorsalis n.vagi, басталады. Бұл талшықтар 
сезімтал және қозғалтқыштарға қарағанда басымдау болғандықтан кезбе нервтің негізгі 
бөлігін құрайды. Кезбе нерв 5-6 түбіршікпен сопақша мидің артқы латеральді жүлгесі 
арқылы шығады. Түбіршіктер бір-бірімен қосылып, мойындырық тесігі маңында біртұтас 
сабау түзіп, осы тесік арқылы бассүйек қуысын тастап кетеді. Мойындырық тесігінде 
жоғарғы түйін, ganglion superius, ал тесік астында төменгі түйін, ganglion inferius, 
(сезімтал), орналасқан. Мойындырық тесігінен шыққан соң кезбе нерв әуелі ішкі 
мойындырық венамен ішкі ұйқы артериясының артында, кейін олардың арасында 
орналасады. Мойын аймағында тамырлы-нервтік буда құрамында ішкі мойындырық вена 
және жалпы ұйқы артериясымен бірге кеуденің жоғарғы тесігі, aperture thoracis superior, 
арқылы оң кезбе нерв оң бұғана асты артериясымен, ал сол кезбе нерв қолқа доғасымен 
қиылысып кеуде қуысына кіреді. Кеуде куысында кезбе нервтің екеуіде (оң және сол) 
өкпе түбірлерінің артында орналасады, әрі қарай өңешпен қатар жүріп оң кезбе нерв 
тармақтары өңештің артқы қабырғасында, артқы өрім түзесе, сол кезбе нерв тармақтары 
өңештің алдыңғы қабырғасында алдыңғы өрім түзеді. Алдыңғы және артқы өрімдер 
өңештің ортаңғы бөлігінде бір-бірімен қосылып біртұтас өңеш өрімен құрайды. Соңғы 
өрімнен алдыңғы және артқы сабаулар шығып өңешпен бірге іш қуысына өтеді, сонда 
шеткі тармақтарға бөлінеді. Нервтің топографиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 
бөлігін ажыратады: бас, мойындық, кеуделік, іштік. 
Кезбе нервтің бас бөлігі сопақша миден жоғарғы түйінге дейін созылады. Осы бөліктен 
екі тармақ шығады: 
1)
Менингиальді тармақ, ramus meningeus, сезімтал, жоғарғы түйіннің бүйірінен шығады, 
бассүйектің алдыңғы шұңқырындағы мидің қатты қабығын нервтендіреді; 
2)
Құлақтық тармақ, ramus auricularis, сезімтал, кезбе нервтен жоғарғы түйіннің астынан 
басталады, тілжұтқыншақ нервтен дәнекер тармақ қабылдайды. Емізікті өзекше 


303 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет