Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Кіреберіс– ұлу нерві (VІІІ)



Pdf көрінісі
бет263/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Кіреберіс– ұлу нерві (VІІІ) 
Кіреберіс– ұлу нерві ,n.vestibulocochlearis– бассүйек нервтерінің VІІІ- жұп нерві, 
арнаулы сезімтал нерв (есту және вестибулярлы), ұлу және кіреберіс бөліктерінен 
тұрады. Нервтің әр бөлігінің меншікті сезімтал түйіні бар. Ұлу түйіні,ganglion cochleare 
(ұлудың иірмелі түйіні), ұлудың иірмелі өзегінде орналасады. Бұл түйіннің 
жасушаларының шеткі өсінділері иірімді дене (кортии) жасушаларында бітеді, ал 
орталық өсінділері ұлудың дорзальді және вентралді ядроларына бет алады. Ұлу 


300 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
түйінінің биполярлы жасушаларының орталық өсінділерінің жиынтығы VІІІ жұп 
нервтің ұлулық бөлігін, pars cochlearis , құрастырады. 
Кіреберіс түйіні, ganglion vestibulare, ішкі есту өтісінің түбінде жатыр. Бұл түйіннің 
жасушаларының шеткі өсінділері кіреберіс рецепторларында: алдыңғы және артқы және 
латеральді ампулалық нервтер, nn.ampullares anterior, posterior et lateralis, эллипсті – 
қаптық нерв, n.utricularis, эллипсті – қаптық – ампулалық нерв, n.urticuloampullaris, 
дөңгелек – қаптық нерв, n.saccularis бітеді, ал ортаңғы кіреберіс түйінінің биполярлы 
жасушаларының орталық өсінділері VІІІ-жұп нервтің кіреберіс бөлігін, pars vestibularis, 
құрастырып, кіреберіс ядроларына (медиальді, латеральді, жоғарғы және төменгі) 
барады. Ішкі құлақ рецепторларынан кіреберіс –ұлу нерві ішкі есту өтісіне бет алады. 
Одан шыққан соң көпір–мишық бұрышы аймағында бет нервінен сырттай ми көпіріне 
кіреді. 
Тіл-жұтқыншақ нерві (ІХ) 
Тілжұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus–бассүйек нервтерінің ІХ- жұп нерві, 
аралас нерв. Құрамында сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық (секреттік) 
талшықтар бар. Сезімтал талшықтар, жоғарғы және төменгі түйіндерде, ganglion 
superius et inferius, орналасқан псевдоуниполярлы жасушалардың шеткі өсінділері, ал 
осы жасушалардың орталық өсінділері сансыз көп түбіршектердің құрамында 
сопақша миға бет алып жеке жол ядросының нейрондарында бітеді. Қозғалтқыш 
талшықтар қос ядро жасушаларының 
аксондары, 
парасимпатикалық 
преганглионарлық талшықтар төменгі сілекей бөлетін ядродан басталады. 
Тілжұтқыншақ нерві сопақша миден 5-6 түбіршікпен дорсолатеральді жүлгенің 
жоғарғы бөлігі арқылы шығады, ал бассүйек қуысын мойындырық тесігі арқылы 
тастап кетеді. Мойындырық тесігінің ішінде жоғарғы сезімтал түйін жатыр. Төменгі 
түйін ірілеу, төменірек, тасты шұңқыршыда орналасқан. Тілжұтқыншақ нерві 
мойындырық тесігінен шыққан соң ішкі ұйқы артериясының артымен өтіп, әрі қарай 
осы артериямен ішкі мойындырық венаның арасында жатады. Сонан соң қарай доға 
тәрізді алға бет алады, біз-тіласты және біз-жұтқыншақ бұлшықеттер арасымен өтіп 
тіл түбіріне кіреді де соңғы тармақтарға,rami lingualis, бөлінеді. Бұл тармақтар тіл 
түбірі мен арқасының шырышты қабығын (артқы 1\3 бөлігі) нервтендіріп, оның 
жалпы және дәм сезулерін қамтамасыз етеді. Дәм сезу талшықтары науа тәрізді 
бүртіктерді нервтендіреді. Тілжұтқыншақ нервтерінің бойынан бүйір тармақтар 
шығады: 


301 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет