Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет266/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
арқылы дабыл қуысына өтеді, ал онан дабыл-емізік саңылауы арқылы шығады. Құлақ 
қалқанының және сыртқы есту өтісінің артқы қабырғасының терісін нервтендіреді. 
Кезбе нервтің мойындық бөлігінің тармақтары: 
1)
Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, аралас, құрамы сезімтал, қозғалтқыш, 
парасимпатикалық преганглионарлық талшықтардан тұрады. Тіл-жұтқыншақ нервтің 
жұтқыншақтық тармақтарымен симпатикалық қөмей-жұтқыншақтық тармақтар бірігіп 
жұтқыншақ өрімін (plexus pharyngeus) түзеді. Осы өрімнің қозғалтқыш тармақтары 
жұтқыншақтың қысқыштарын (констриктор) және таңдайдың таңдай пердесін керетін 
бұлшықетінен, m.tensor veli palatini, басқасын нервтендіреді, бұл бұлшықетті төменгі 
жақсүйек нервінің (V – жұптың тармағы) қозғалтқыш тармағы нервтендіреді; 
2)
Жоғарғы көмей нерві, n.laryngeus, аралас, кезбе нервтен төменгі түйінінің тұсынан 
шығады, төмен түсіп тіласты сүйегінің деңгейінде сыртқы (қозғалтқыш) және ішкі 
(сезімтал) тармақтарға бөлінеді. Сыртқы тармақ көмейдің жүзік-қалқанша бұлшықетін 
нервтендіреді. Ішкі тармақ қалқанша-тіласты жарғағын тесіп өтіп көмейдің дауыс 
саңылауынан жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын, тіл түбірінің және көмей 
қақпашығының шырышты қабығын нервтендіреді. 
3)
Жүректің мойындық жоғарғы тармақтары, rami cardiacі cervicales superiores, саны 3-7- 
ге дейін, сезімтал және парасимпатикалық преганглионарлық талшықтардан тұрады. 
Олар жүректің мойындық симпатикалық тармақтарымен қосылып жалпы ұйқы 
артериясының бойымен жүрекке бет алып жүрек өрімін түзуге қатысады. Кезбе 
нервтің кеуделік бөлігі өзі өтетін артқы көкірекаралықтың ұзындығына сәйкес келеді. 
Кеуделік бөліктің тармақтары: 
Қайырылма көмей нерві,n.laryngeus reccurens, талшықтарының құрамы бойынша 
аралас (қозғалтқыш, сезімтал және парасимпатикалық), оң және сол қайырылма көмей 
нервтерінің топографиялық айырмашылықтары бар. 
Оң айырылма көмей нерві, кезбе нервтен оң бұғана асты артериясының тұсында 
басталып, оны төменінен орап өтіп, кеңірдектің бүйір жағымен мойынға көтеріледі. 
Сол қайырылма көмей нерві, кезбе нервтен қолқа доғасының үстінде басталады, 
оның алдыңғы бетімен төмендейді, астынан айналып өтіп өңешпен кеңірдек 
арасындағы жүлгемен жоғары көтеріледі. Қайырылма көмей нервінен біренеше 
тармақтар шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет