Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет279/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

СИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІК 
Вегетативті нерв жүйесінің 
симпатикалық бөлігі 
организмнің барлық ағзалары 
мен тіндерін нервтендіреді. Оның қызметі жүрек жиырылуының жиілеуі, қан 
тамырларының тарылуы (коронарлы тамырлардан басқа), бездер секрециясының (сілекей, 
асқазан және т.б.) төмендеуі, көлденең жолақты бірыңғай салалы бұлшықет тонусының 
жоғарылауы, тіндер трофикасы, қарашықтардың кеңеюі т.с.с болып табылады. 


316 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталық және шеткі бөліктерін 
ажыратады. 
Симпатикалық бөлік орталықтары 
жұлынның бүйір бағаналарында ҮІІІ 
мойын сегменттері мен ІІ (ІІІ) бел сегменттерінің аралығында латералды аралық ядро 
(nucl.intermediolateralis) түрінде орналасады. Бұл ядро жасушаларынан барлық түйінге 
дейінгі симпатикалық талшықтары басталады. 
Симпатикалық нерв жүйесінің шеткі бөліктері жұп симпатикалық сабау мен одан 
шығатын нервтерден тұрады. 
Симпатикалық сабау 
(truncus symphaticus) құрамына түйінге дейінгі де, түйіннен 
кейінгі де талшықтар кіретін, бір-бірімен түйінаралық тармақтармен (rr. interganglionares) 
байланысатын симпатикалық сабау түйіндерінің (ganglia trunci symphaticus) тізбегінен 
түзілген. Әдетте симпатикалық сабауға вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлік 
орталығының жасушаларынан басталып, ақ (жұмсақ қабықпен жабылған) дәнекер 
тармақтар (rr.communicantes albi) түзетін түйінге дейінгі симпатикалық талшықтар 
сегментті кіреді. Бұл тармақтардың симпатикалық талшықтары көп жағдайда 
симпатикалық сабау түйіндерінде үзіледі немесе симпатикалық нерв құрамында ары қарай 
жүріп, превертебралды түйіндердің бірінде үзіледі. 
Симпатикалық сабаудың әр түйінінен түйіннен кейінгі симпатикалық талшықтар 
шығады. Олардың бір бөлігі сұр дәнекер тармақтар (rr. communicantes grisei) құрамында 
жұлын нервтерінің құрамына кірсе, бір бөлігі симпатикалық нервтер мен вегетативті 
өрімдер құруға қатысады. 
Симпатикалық сабау мен басқада шеткі симпатикалық құрылымдарды (нервтер, 
өрімдер және т.б.) мойын, кеуде, іш және жамбас бөліктеріне бөліп қарастырады. 
Симпатикалық сабаудың мойын бөлігі 
түйінаралық тармақпен байланысқан үш 
түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және мойын-кеуделік. Мойын нервтерінен (С
ҮІІІ
басқа) ақ дәнекер тармақтар шықпайды. 
Жоғарғы мойын түйіні 
(ganglion cervicalе superius) (1-3x0,5) мойынның 
омыртқаалдылық шандырының тереңінде, ІІ-ІІІ мойын омыртқаларының көлденең 
өсінділерінің алдында орналасады. Түйіннен жұлын нервтерінің тармақтарына сұр 
дәнекер тармақтар шығады: жүректің жоғарғы мойындық нерві (n.cardiacus cervicalis 
superior); тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтермен бірге жұтқыншақ пен көмейді 
нервтендіретін көмей-жұтқыншақтық тармақтар (rr.laryngopharyngei); мойындырық нерві 
(n.jugularis), ішкі және сыртқы ұйқы нервтері (nn.carotici externi et n.caroticus internus) – 
тамырлар қабырғасында өрімдер түзеді (жалпы ішкі және сыртқы ұйқы өрімдері, көз, тіл, 
бет артерияларының, ортаңғы менингиалды артерияның және т.б. өрімдері). 


317 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет