Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет281/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІК 
Вегетативті нерв жүйесінің 
парасимпатикалық бөлігінің 
(pars parasympathica) 
симпатикалық бөліктен айырмашылығы аздаған ағзалар мен тіндерді нервтендіреді. 
Сонымен, парасимпатикалық бөлік қан тамырларының көп бөлігінің бірыңғай 
бұлшықеттерін, бүйрекүсті бездерін, несепағарды, түкті қапшықтар мускулатурасын және 
т.б. нервтендірмейді. 
Парасимпатикалық жүйенің негізгі қызметі жүрек жиырылуын баяулату, кейбір қан 
тамырларын кеңейту (коронарлы тамырларды тарылтады), бездер секрециясын (сілекей, 
асқазан бездері және т.б.) жоғарылату, ішектер перистальтикасын 
күшейту, 
қарашықтарды тарылту және т.б. 
Парасимпатикалық бөліктің орталық және шеткі бөлімдерін ажыратады. 
Парасимпатикалық бөлік орталықтары 
көзқозғалтқыш, бет, тіл-жұтқыншақ, кезбе 
нервтердің құрамында жүретін түйінге дейінгі талшықтардан, интрамуралды түйіндерден 
(кірпікті, қанат-таңдай, құлақ, төменгі жақсүйекасты түйіндері), ішкі ағзалық жамбас 
нервтері мен олардың байланыстарынан тұрады. 
Кірпікті түйін 
(ganglion ciliare) көлемі кішігірім, көру нерві мен көздің сыртқы тік 
бұлшықетінің арасында орналасады. Оның түйінге дейінгі тармақтары қосымша ядрода 
(ортаңғы мида) басталып, көз қозғалтқыш нервінің аттас түбіршігінің (radix oculomotoria) 
құрамында жүреді. Бұл талшықтар кірпікті түйін жасушаларында аяқталады, түйіннен 
кейінгі талшықтары қысқа кірпікті нерв (nn.ciliares breves) құрамында нұрлы қабық пен 
кірпікті дененің бірыңғай салалы бұлшықетті талшықтарына барады. Кірпікті түйін 
арқылы (онда аяқталмай) парасимпатикалық талшықтардан басқа симпатикалық түйіннен 
кейінгі талшықтар (І мойынқ симпатикалық түйіннен көз артериясының өрімі арқылы) 
және үшкіл нервтің сезімтал талшықтары (мұрын-кірпік нервінің тармақтары) өтеді. 
Қанат-таңдай өрімі 
(ganglion pterygopalatinum) бассүйектің аттас шұңқырында 
орналасады. Түйінге дейінгі талшықтары аралық нервтің (көпірдің дорсалды бөлігінде) 
сілекей бөлетін жоғарғы ядросынан шығатын үлкен тасты нерв құрамында жүреді. 
Түйіннен кейінгі талшықтар түйіннен бет нервінің көзжас нервімен анастомозы арқылы 
көзжас безіне барады. Соңғысының құрамында түйіннен кейінгі парасимпатикалық 
талшықтардан басқа бездерден сезімтал талшықтар, симпатикалық талшықтар (І мойын 
симпатикалық түйінінен шығатын түйіннен кейінгі талшықтар терең тасты нерв арқылы) 
және ішкі ұйқы артериясы өрімінен (самай сүйектің тасты бөлігінің ұйқы өзегінде) 
талшықтар болады. 
Құлақ түйіні 
(ganglion oticum) сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының төменгі 
бетінде орналасады. Оған парасимпатикалық талшықтар дабыл нервінің, кейін кіші тасты 


319 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет