Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет289/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Көз алмасының ядросы. 
 
Көз алмасы ядросының құрамына жарықөткізгіш және жарықсындырғыш қызмет 
атқаратын: 
көздің алдыңғы 
және 
артқы камераларының сулы ылғалы

көзбұршақ 
және 
шыны- тәрізді дене 
жатады. 
Көз алмасының алдыңғы камерасы, camera anterior bulbi, 
алдыңғы жағынан мөлдір 
қабықтың артқы бетімен, артқы жағынан нұрлы қабықтың алдыңғы бетімен шектелген. 
Көз алмасының артқы камерасы, camera posterior bulbi, 
алдыңғы жағынан - нұрлы 
қабықтың артқы бетімен, артқы жағынан – көзбұршақтың және кірпікті дененің алдыңғы 
беттерімен шектелген. Екі камера 
сулы ылғалмен, humor aquosus, 
толған. 
Кірпікті дененің тамырларынан фильтрация арқылы түзілетін сулы ылғал, артқы 
камераға, одан 
кірпікті белдеудің кеңістіктеріне, spatia zonularia, 
өтеді. Бұл кеңістіктер 
көзбұршақты қоршай жатқан дөңгелек саңылау түрінде орналасып 
Петит өзегі
, деп 
аталады. Сулы ылғал (
көзішілік сұйықтық
) Петит өзегінен қарашық арқылы алдыңғы 
камераға келеді. Сулы ылғал бұл қуыстан 
нұрлы – мөлдір қабық бұрышы кеңістіктері 
(Фонтан кеңістіктері), 
spatia anguli iridocornealis, 
арқылы 
ақ қабықтың веналық 
қойнауына ,
(Шлемм өзегіне
) sinus venosus sclerae, 
ағады. Фонтан кеңістіктері 
нұрлы 
қабықтың қырлы байламының, ligamentum pectinatum iridis
, талшықтары аралығында 
орналасады. 
Сулы ылғал мөлдір қабықты қоректендіреді және оның түзілуі мен ағуының 
аралығында белгілі бір тепе-теңдік сақталады, ол бұзылған жағдайда көзішілік қысым 
көтеріледі (глаукома) немесе түседі. 
Көзбұршақ, lens, 
мөлдір қабық пен қарашықтың артында, фронталды жазықтықта 
орналасқан, екі жағы дөңес болып келетін, тамырсыз, мөлдір құрылым. Көзбұршақтың 
артқы беті алдыңғы бетіне қарағанда дөңестеу болады және екі бетінің бір-бірімен 
түйісетін жиегі 
экваторы 
деп аталады. Екі бетінің ең шығыңқы нүктелерін қосатын сызық 
көзбұршақтың білігі, axis lentis,
делінеді. Көзбұршақты 
кірпікті белдеу 
(Цинн байламы) 
бекітіп тұрады. Кірпікті белдеу кірпікті денеден басталып, көзбұршақтың қапшығына 
тұтасады. Кірпікті дене бұлшықеті жиырылғанда Цинн байламы босап, көзбұршақтың 
дөңестігі ұлғаяды, ал бұлшықет босаңсығанда, Цинн байламы тартылып, көзбұршақ 
жалпаяды (аккомадация). 
Шынытәрізді дене, corpus vitreum, 
көз алмасы қуысының көзбұршақтың артындағы 
бөлігінде орналасқан, сілікпетәрізді, түссіз, мөлдір құрылым.Оның алдыңғы бетінде 
көзбұршақ жанасып жататын 
шынытәрізді шұңқырша ,fossa hyaloidea, 
орналасады. 
Шынытәрізді денеде тамырлар мен нервтер болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет