Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет285/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

СЕЗІМ АҒЗАЛАРЫ 
 
Көру ағзасы. 
 
Көру ағзасы
, organum visus, 
адамның қоршаған ортамен арақатынасын қамтамасыз 
ететін сезім ағзаларының өте маңызды бөлігі болып табылады. Эволюция барысында адам 
көзі түрлі-түсті кескін қабылдап, жарық шоғырына бағыттала қимылдай алатын күрделі 
құрылымды ағзаға айналды. Көру ағзасының құрамына 
көз, oculus, 
(грек. 
оphtalmos

немесе 
көз алмасы, көру нерві 
және 
көздің қосалқы ағзалары 
кіреді. 


322 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Көз алмасы. 
 
Көз алмасында 
алдыңғы 
және 
артқы полюстерді 

polus anterior et polus posterior

ажыратады. Алдыңғы полюс көз алмасының алдыңғы дөңесінің ортасына, артқы полюс 
артқы дөңесінің орталығына (көру нервінен 2-3 мм сыртқа) сәйкес келеді. Көздің екі 
полюсін қосатын сызық 
көз алмасының сытқы білігі, axis bulbi externus, 
деп аталады, 
оның ұзындығы 24 мм. шамасында болады. Сыртқы біліктің мөлдір қабықтың артқы 
бетінен торлы қабықтың ішкі бетіне дейінгі бөлігі, 
көз алмасының ішкі білігі, axis bulbi 
internus, 
деп аталады(21,75 мм. шамасында). Алдыңғы полюстен торлы қабықтың орталық 
шұңқыршасына дейін, ішкі білікпен қиылысатын, 
көру білігі, axis opticus, 
өтеді. Көз 
алмасының ақ қабық арқылы өтетін ең үлкен көлденең өлшемі - 
экватор, equator, 
77,6 
мм. шамасында болып келеді. Экваторға перпендикулярлы бағытта өтіп, екі полюсті 
қосатын сызықтар 
меридиандар, meridiani, 
деп аталады. 
Көз алмасы қабықтардан және ядродан түзілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет