Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет286/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Көз алмасының қабықтары. 
 
Көз алмасының үш: сыртқы фиброзды, ортаңғы тамырлы және ішкі торлы 
қабықтарын ажыратады. 
Көз алмасының фирозды қабығы, 
tunica fibrosa bulbi, 
қорғаныш қызметін 
атқарады, ол екі бөліктен: алдыңғы нұрлы және артқы ақ қабықтардан тұрады. 
Нұрлы қабық, cornea, 
фиброзды қабықтың алдыңғы 1/6-ін алатын мөлдір, 
тамырсыз бөлігі. Оның пішіні алды дөңес, артқы жағы ойыс сағат шынысы сияқты болып 
келеді. Нұрлы қабықтың негізі дәнекер тін, оның алдыңғы және артқы беттері 
эпителиймен жабылған. Нұрлы қабықтың ақ қабыққа өтетін жерінің ені 1 мм.-дей болып, 
жартылай мөлдір сақина түрінде - 
жиек, limbus, 
деп аталады. 
Ақ қабық, sclera, 
фиброзды қабықтың артқы 5/6 бөлігін алып жататын, тамырлары 
мен нервтері жоқ дерлік, тығыз дәнекер тіннен түзілген. Нұрлы қабықпен жанасатын 
шекарасында, ақ қабықтың ішінде, оның 
веналық қойнауы, sinus venosus sclera, 
(Шлемм 
өзегі) өтеді. Оған көздің алдыңғы камерасынан сулы ылғал келіп құйылады. 
Көз алмасының тамырлы қабығы, 
tunica vasculosa bulbi, 
тамырлыр және 
пигменттермен бай жабтықталған қабық. Бұл қабық: 
нұрлы қабық, кірпікті дене 
және 
меншіктк тамырлы қабықтан 
тұрады. 
Нұрлы қабық, 
iris, 
тамырлы қабықтың фронталды жазықтықта орналасқан 
алдыңғы бөлігі. Ол мөлдір қабық арқылы көрініп тұрады және ортасында, 
қарашық, 
pupilla, орналасады. Нұрлы қабықтың алдыңғы камера мен мөлдір қабыққа қараған 
алдыңғы бетін 
және артқы камера мен көзбұршаққа қараған 
артқы бетін 
ажыратады. 
Артқы беті пигменттерге бай эпителиймен жабылған. Көздің түсі осы пигменттердің 
мөлшеріне байланысты, қоңыр (“қой көз” ), қара, жасылдау, көк және т.с.с. болып келеді. 
Нұрлы қабықтың 
қарашықтық жиегін, margo pupillaris, 
және 
кірпіктік жиегін, margo 
ciliaris, 
ажыратады. Кірпіктік жиек 
қырлы байлам, lig. pectinatum iridis, 
арқылы кірпікті 


323 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет