Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет57/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Көлденең өсінділер бір-бірімен 
көлденеңаралық байламдар (синдесмоз), ligg. 
іntertransversaria, 
арқылы байланысқан. 
Омыртқалар буындық өсінділері арқылы өзара 
доға-өсінділік буындар, 
articulationes zygopophysiales, 
түзеді. Бұл буындар үйлесімді, пішіні бойынша жалпақ, 
яғни көп біліктілерге жатады, бірақ буындық беттерінің айырмашылықтарының аз 
болуына байланысты қозғалыс көлемі де аз болады (өзара жылжиды). Буын қапшығы 
буындық беттердің жиегіне бекиді. Ү бел омыртқаның төменгі буындық өсінділері мен 
сегізкөздің жоғарғы буындық өсінділері – 
бел-сегізкөз буынын, art. lumbosacralis

түзеді. 
Сегізкөз және құйымшақ қосылыстары 
 
 
Сегізкөздің Ү омыртқасы мен І құйымшақ омыртқасының денелері сегізкөз- 
құйымшақ буынын
, art. sacrococcygea, 
түзеді. Осы екі омыртқаның арасындағы 
discus 
intervertebralis
-те көп жағдайда қуыс кездеседі. Сегізкөз бен құйымшақтың мүйіздері 
синдесмоз арқылы жалғасқан. 
Бұл буынды 
сегізкөз-құйымшақтық латералды байлам; сегізкөз-құйымшақтық 
алдыңғы байлам; сегізкөз-құйымшақтық артқы беткей байлам; сегізкөз- 
құйымшақтық артқы терең байламдар 
бекітіп тұрады. 
Омыртқа бағанасының бассүйекпен қосылысы 
 
 
Бұл жерде бір-бірімен тығыз байланысты үш: ауыз омыртқа-шүйде, ауыз омыртқа-
біліктік ортаңғы және ауыз омыртқа-біліктік латералды буындар орналасқан. 
Ауыз омыртқа-шүйде буыны, 
art. atlantоoccipitalis, 
жұп, айдаршықты, екі білікті 
және үйлесімді буын. Буынды шүйде сүйектің айдаршықтары мен ауыз омыртқаның 
жоғарғы буындық беттері түзеді. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. 
Шүйде сүйек пен ауыз омыртқаның арасында 
ауыз омыртқа-шүйделік алдыңғы 
жарғақ, art. atlantoccipitalis anterior, 
және 
ауыз омыртқа-шүйделік артқы жарғақ, art. 
atlantoccipitalis posterior, 
орналасады. Бұл буында фронталды білік айналасында еңкею 
және шалқаю, сагитталды білік бойынша әкету және әкелу қимылдары іске асады. 


90 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет