Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет55/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Тостағантәрізді буын

articulatio cotylica

шартәрізді буынның бір түрі болып 
табылады, буындық беттерінің көлемдерінің бір-бірінен айырмашылығы аз болады, 
буындық бас буындық ойыстың ішіне жартылай еніп тұрады (иық буынында: буындық 
бас – буындық ойыспен жанасып орналасады), сондықтан бұл буындағы қозғалыс 
көлемі шартәрізді буындармен салыстырғанда шектеулі болады. 
Жалпақ буын

articulatio plana

бұл буындардағы буындық беттер жалпақ және 
конгруэнтті болып келеді. Оларды үлкен шардың кішкене кесіндісі деп қарастыруға 
болады. Буындық беттерінің айырмашылығы өте аз немесе жоқ, сол себепті бұл 
буындардағы қозғалыс аз көлемде іске асады. Бірақ осындай көптеген жалпақ 


87 
 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
буындарға шектеулі қозғалыстар (омыртқа бағанасындағы буындар) өзара қосылып, 
адам тұлғасының орналасу жағдайын өзгертеді. Сонымен қатар, тілерсек сүйектерінің 
жалпақ буындар арқылы өзара аздап ығысуы нәтижесінде жүрген, секірген кездегі 
шайқалулар мен соққылар әсері азайып, жұмсарады. Білезік сүйектері де әртүрлі 
қозғалыс кезінде осындай қызмет атқарады. 
Қол басындағы және аяқ басындағы жалпақ буындар аталған бөліктердің қызмет 
атқару кезіндегі серпімділігін арттырады, яғни, бір затты ұстағанда немесе түйіскенде 
тығыз жанасуды қамтамасыз етеді. 
Буындарды түзуге қатысатын сүйектердің санына байланысты: қарапайым және 
күрделі буындарды бөледі. 
Қарапайым буын, 
articulatio simplex, 
екі сүйектен түзілген 
(төс-бұғана буыны). 
Күрделі буын, 
articulatio composita, 
үш және одан да көп 
сүйектерден құралған (шынтақ буыны, білезіктің орталық буыны). 
Сонымен қатар, буындарда кездесетін қосымша құрылымдарға 
және 
қимылдардың бір-біріне тәуелділігіне байланысты: кешенді және үйлесімді буындарды 
ажыратады. Буынның ішінде шеміршекті диск немесе мениск болса ол 
кешенді буын 
деп аталады. 
Пішіндері бойынша екі біліктіге жататын буындар қуысында диск болған 
жағдайда көп білікті буын сияқты қызмет атқарады (шықшыт, төс-бұғана буындары). 
Егер жеке орналасқан бірнеше буындар бірлесіп қана қызмет атқара алатын болса, 
олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет