Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет61/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
жаққа бұрылу – 90-120° шамасында) және шеңбер бойынша қозғалу (circumductio) 
қимылдары іске асады. 
Кеуде торының қосылыстары 
 
 
Кеуде торы: қабырғалардың омыртқа бағанасымен, қабырғалардың төспен өзара 
қосылыстары арқылы түзіледі. 
Қабырғалардың омыртқа бағанасымен қосылыстары 
 
 
Қабырғалар омыртқалармен қабырға-омыртқалық буындар, 
articulationes 
costovertebrales, 
арқылы қосылады. Бұл буындарға екі буын жатады: қабырға басының 
буыны және қабырға-көлденеңдік буын. 
Қабырға басының буынын, 
articulatio capitis costae, 
қабырға басының буындық 
беті мен екі көршілес кеуде омыртқаларының жоғарғы және төменгі қабырғалық 
шұңқырлары түзеді. Буын қапшығы буындық беттердің жиектеріне бекиді. Буында екі 
байлам бар. ІІ-Х қабырғалар құрайтын буындарда 
қабырға басының буынішілік 
байламы, lig. capitis costae intraarticulare, 
орналасқан. Ол қабырға басының қырынан 
омыртқааралық дискке жүріп, буын қуысын екі бөлікке бөледі. Буынды сыртынан 
қабырға басының тарамдалған байламы, lig. capitis costae radiatum, 
бекітіп тұрады. Бұл 
байламның талшықтары қабырғаның басын алдыңғы жағынан көршілес екі 
омыртқаның денелерімен және омыртқааралық дискпен байланыстырады. 
І, ХІ және ХІІ қабырғалардың бастары тек бір омыртқаның денесімен қосылады, 
осыған орай олардың басында қырлары жоқ және буынішілік байламдары болмайды. 
Қабырға-көлденеңдік буын, 
articulatio costotransversaria
, І-Х қабырғалар 
төмпешіктерінің буындық беттері мен омыртқалардың көлденең өсінділерінің 
қабырғалық шұңқырларының қосылыстары арқылы құралған. Буын қапшығы буындық 
беттердің 
жиектеріне 
бекиді. 
Буынды 
қабырға-көлденеңдік 
байлам, 
lig. 
costotransversarium, 
бекітіп тұрады. 
Қабырға-көлденеңдік буындар пішіні бойынша жалпақ, конгруэнтті, қызметі 
жағынан үйлесімді болады. Қабырғалар ішке қарай айналғанда олардың алдыңғы 
шеттері төспен бірге төмен түседі, ал сыртқа айналғанда алдыңғы шеттері төспен бірге 
көтеріледі. 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет