2.
Синовиалдық қаптар
шандырлық жапырақшалар арасындағы қуыс болып
табылады, ол синовиалдық қапшықпен астарланған және ішінде синовиалдық сұйықтық
болады. Олар сүйектердің шығыңқы жерлерінде орналасып, бұлшықет жиырылғанда
үйкелісті азайтады.
3.
Фиброзды және сүйекті-фиброзды өзектер
– бұлшықет сіңірлеріне арналған
немесе кәрі жілік-білезік және сирақ-асық буындары, саусақтар мен бақайлар бунақтары
аймақтарындағы орналасқан тамырлар мен нервтерге арналған орын. Осы өзектердің
қабырғаларына қатысты сіңірлердің қозғалысы өте жеңіл болады, бұл өзектің қабырғасын
астарлап жататын және бұлшықет сіңірін жан-жағынан жауып жататын арнайы
құрылымдар – синовиалдық қынаптарға байланысты. Олар құрылымы бойынша
қабырғасы қосарланған, сіңірді айнала орналасқан және өзектің қабырғаларына бекінген
168
Нуржігіт Алтынбеков
цилиндрге ұқсайды. Сыртқы қабырғасы өзектің қабырғасымен бітіскен, париеталді
жапырақшасы деп аталады; ішкі қабырғасы сіңірмен бітіскен, висцералді жапырақшасы
деп аталады. Жапырақшалардың арасында болатын синовиалді сұйықтық үйкеліс күшін
азайтады.
4.
Сүйектік шығыр
дегеніміз шеміршекпен қапталған сүйектің шығыңқы жері
болып табылады, оның астымен өзінің бағытын өзгерте алатын бұлшықеттің сіңірі өтеді.
Сіңір мен шеміршектің арасында кішкене синовиалдық қап түзіледі.
5.
Дәнтәрізді сүйектер
сіңірлердің ішінде, олардың бекінетін жеріне жақын дамиды.
Олар сүйектік шығыр ролін атқарады, негізінен саусақтар мен бақайлар аймақтарында
болады. Ең үлкен дәнтәрізді сүйек – тізе тобығы.
169
Достарыңызбен бөлісу: |