Нуржігіт Алтынбеков
32-ні құрайды. Алғашқы (сүт тістер) тістер 6-айда шығады, ал 5 жастан бастап түсе
бастайды, олардың орынын тұрақты тістер алмастырады.
Әр тісте сауытын, мойнын және түбірін айырады.
Тіс сауыты (corona dentis) қызылиектің үстінде орналасқан көлемді бөлігі. Беттері:
жоғарғы және оған сәйкес төменгі тістердің бір-бірімен жанасатын шайнау беті
(оcclusalis), тілдік бет (lingualis), тілге қорған беті, кіреберістік бет (vestibularis), ауыз
кіреберісіне қараған беті, жанасу беті (contactus), екі жағындағы көрші тістермен жанасқан
беттері. Тіс түбірі (radix dentis)-тіс ұяшықтарында орналасқан. Түбір саны 1-ден 3-дейін.
Әр түбір өзі аттас тесігі бар ұшымен (apex radicis dentis) аяқталады. Тіс ұшының тесігі
(foramen apicis dentis) арқылы, тіс қуысын толтырған тіс ұлпасына (pulpa dentis) баратын
артериялар, веналар және нервтер кіреді.
Тіс мойыны (cervix dentis)-тіс сауытымен түбірінің арасындағы қызылиекпен қапсырылған
кішкентай бөлігі.
Тіс сауыты ішінде тіс қуысын (cavitas dentis) және тіс түбірінің өзегін (canalis radicis
dentis) ажыратады. Тістің негізгі құрастырушы бөліктері - кіреуке (еnаmelum), дентин
(dentinum) және цемент (cementum).Тістің басты бөлігін дентин құрайды, сауыты (corona)
кіреукемен, ал түбірі (radix) цементпен қапталған. Адамдарда төрт түрлі тісті айырады:
күрек тістер, ит тістер, кіші және үлкен азу тістер.Тістер ауыз қуысында жоғарғы және
төменгі қатарлар түзіп, симметриялы орналасады. Әр қатарда 16 тістен орналасқан.
Сагиттальды жазықтықта әр қатар тепе-тең оң және сол бөліктерге бөлінеді. Әр бөлік 8
тістен тұрады: 2 күрек тіс, 1 ит тіс,2 кіші азу тіс және 3 үлкен азу тіс.
Күрек тіс, кіші және үлкен азу тістер бір-бірінен пішіні мен түбір сандары арқылы
ерекшеленеді. Күрек тістер (dentes incisivi), жіңішке жиекті, қашатәрізді сауыты бар,
кесетін беті өткір, бір түбірлі. Төменгі күрек тістердің сауыты жоғарғыларға қарағанда
қысыңқы келеді.
Ит тістер (dentes canini), сауыты үшкір ұшы бар конустәрізді, түбірі жалғыз, өте ұзын.
Кейде екі түбірлі немесе ұштары екіге айырылған болуы мүмкін.
Кіші азу тістер (dentes premolaris)-сауыты сопақша пішінді. Шайнау беттерінде
конустәрізді екі шайнау төмпешіктері бар. Түбірі біреуі не болмаса, ұшында екіге
айырылуы мүмкін.
171
Достарыңызбен бөлісу: |