Нуржігіт Алтынбеков
Жоғарылаған бөліктің артында қолқаның іштік бөлігі орналасқан және жанынан ащы
ішектің шажырқайына кіретін шажырқайлық артериялар мен веналар өтеді.
Он екі елі ішектің тек кеңейген жерінен (ampulla) басқасы ішастар артында (экстра-ретро
перитонеальды) орналасқан, ал ащы ішектің басқа бөліктері ішастармен барлық жағынан
жабылған (интраперитонеальды).
Он екі елі ішектің қабырғасы үш қабаттан құралған: шырышты, бұлшықеттік және сірлі.
Шырышты қабық (tunica mucosa) – бұлшықеттік табақшамен борпылдақ майлы тінде
орналасқан. Жоғарғы бөлімінде бойлық (plica longitudinalis duodeni), төменінде тұрақты
дөңгелек қатпарлар (plica circularis) түзеді. Он екі елі ішектің төменгі жартысындағы
бойлық қатпар ішектің үлкен бүртігімен (papilla duodeni major) аяқталады, ал жоғарырақ
ұйқы безінің қосымша жолдары ашылатын ішектің кіші бүртігі (papilla duodeni minor)
орналасқан. Шырышты қабықта жапырақ тәрізді сансыз көп ішек бүрлері (villi intes
tinales) бар, олардың ортасында лимфа капиллярлары орналасқан, ал бүрлерге енетін
қантамырлар тамырлы тор түзеді.
Бүрлер түбі ішіне ішек бездерінің түтіктері ашылатын шағын ұңғылдармен (крипта)
қоршалған. Шырышты қабықтың ішінде жекеленген лимфа тәрізді түйіндер бар.
Бұлшықетті қабық (tunica muscularis) – он екі елі ішектің бұлшықетті қабығы екі қабаттан
тұрады:
сыртқы – бойлық, ішкі – дөңгелек.
Сірлі қабық (tunica serosa) – ішастар он екі елі ішектің бастапқы бөлігін және, кеңейген
жерін ғана жабады.
Қанмен қамтасыздануы: жоғарғы және төменгі ұйқы без - он екі елі ішек артериялары.
Веналық ағым: аттас веналар арқылы
Лимфа ағымы: бел, жоғарғы шажырқайлық, ұйқы без - он екі елі ішек және құрсақ лимфа
түйіндеріне.
Нервтенуі: кезбе нервтердің (Х-жұп) тармақтары.
АШ (JEJUNUM) ЖӘНЕ МЫҚЫН (ILІUM) ІШЕКТЕР
Аш ішек (intestinum) - он екі елі ішектің жалғасы, оның ілмектері іш қуысының жоғарғы
сол бөлігінде орналасқан. Аш ішектің ілмектері алдынан үлкен шарбымен жабылса,
артында ішастардың париетальді жапырақшасына тақау жатыр.
Мықын ішек (intestinum ileum) – аш ішектің жалғасы, оның ілмектері іш қуысының оң
төменгі бөлігінде орналасқан. Кіші жамбас қуысында ащы ішектің ең соңғы ілмектері
жатыр, олар екі қабат түзеді. Алдынан несеп қуықпен іргелес жатса, ал артында – тік
ішекке (еркектерде), жатырға (әйелдерде) тақау орналасқан. Ащы ішектің осы екі бөлігі