Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет74/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Аяқ белдеуінде аталған қосылыстардан басқа, буыннан біраз қашықтықта 
орналасқан байламдар мен жарғақ бар. 
Сегізкөз-төмпелік байлам, lig. sacrotuberale, 
шонданай төмпесінен басталып, 
сегізкөз бен құйымшақтың латералды жиектеріне бекиді. 
Сегізкөз-қылқандық байлам, lig. sacrospinale, 
шонданай қылқанын сегізкөзбен 
және құйымшақтың латералды жиектерімен қосып, сегізкөз-төмпелік байламның 
алдында және жоғары орналасады. Аталған екі байлам 
шонданайлық үлкен және кіші 
тесіктерді, foramen ischiadicum majos et minus, 
шектейді. 
Жапқыш жарғақ, membrane obturatoria, 
аттас тесікті жауып тұрады. Жапқыш 
жарғақтың жоғарғы жиегі мен қасаға сүйектің жоғарғы тармағының астында 
жапқыш 
өзегі, canalis obturatorius, 
өтеді. 
Тұтас жамбас 
 
 
Жамбас сүйектері, сегізкөз, құйымшақ және байламдар жамбасты
, pelvis, 
құрайды. 
Жамбас тұлғаны аяқпен байланыстырып тұрады. Жамбасты – үлкен және кіші жамбас 
деп екі бөлікке бөледі. Оларды 
шекаралық сызық, linea terminalis, 
бөліп тұрады. 
Linea 
terminalis
-ті түзетін анатомиялық құрылымдар: мүйіс, мықын сүйектерінің доғатәрізді 
сызығы, қасаға сүйектерінің қыры және қасаға сүйегінің жоғарғы жиегі. 
Үлкен жамбасты, pelvis major, 
артқы жағынан V бел омыртқа және мықын-белдік 
байламдар, бүйірлерінен – мықын сүйектерінің қанаттары шектейді, алдыңғы жағынан 
сүйектік қабырғасы болмайды. Оның қуысы іш қуысымен біртұтас қуыс құрайды. 
Кіші жамбас, pelvis minor, 
жамбастың төменгі бөлігі. Оның 
жоғарғы тесігі, 
apertura pelvis superior, 
(кіші жамбастың кірісі) жоғарыда көрсетілген 
linea terminalis

пен шектелген. Кіші жамбастың шығысы – 
жамбастың төменгі тесігін, apertura pelvis 
inferior 
– құйымшақ, сегізкөз-төмпелік байламдар, шонданай төмпелері, шонданай 
сүйектерінің тармақтары және қасаға сүйектерінің төменгі тармақтары түзеді. 
Кіші жамбас қуысының қабырғалары. 
Артқы қабырғасын – сегізкөздің 
жамбастық беті мен құйымшақтың алдыңғы беті; алдыңғы қабырғасын – қасаға 
симфизі мен қасаға сүйектің жоғарғы және төменгі тармақтары; бүйір қабырғаларын – 
жамбас сүйектің шекаралық сызықтан төменгі бөліктері, сегізкөз-төмпелік және 
сегізкөз-қылқандық байламдар мен жапқыш жарғақ түзеді. 


107 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет