Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет76/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Кіші жамбас қуысы шығысының (төменгі тесігінің) түзу мөлшері (шығу 
конъюгатасы) құйымшақтың ұшы мен қасаға симфизінің төменгі жиегінің арасындағы 
арақашықтық – 9,5 см-ге тең. 
Сонымен қатар, үлкен жамбастың мөлшерлері анықталады: 
distantia spinarum 
– 
екі жақтағы мықындық алдыңғы жоғарғы қылқандардың арақашықтығы – 25-27 см-ге 
тең; 
distantia cristarum 
– мықын сүйектер қырларының бір-бірінен ең алыс жатқан 
нүктелерінің арақашықтығы – 28-30 см; 
distantia trochanterica 
– оң және сол жақтағы 
ортан жіліктердің үлкен ұршықтарының арақашықтығы – 30-32 см-ге тең. 
Жаңа туылған нәрестелер жамбасының мықындық қырлары жоғары орналасқан, 
қуысы тар, құйғыштәрізді, мүйісі нашар білінеді. Жыныстық ерекшеліктері 10-12 жаста 
біліне бастайды. 
Аяқтың еркін бөлігінің қосылыстары 
Ұршық буыны 
 
 
Ұршық буыны
, articulatio coxae, 
жамбас сүйектің ұршықтық ойысы мен ортан 
жілік басынан түзілген. Ұршық ойысының жиегінде – 
ұршықтық ернеу, labrum 
acetabulare, 
орналасқан, оның ұршық ойысы тілігінің үстінен өтетін бөлігі – 
ұршық 
ойысының көлденең байламы, lig. transversum acetabuli, 
деп аталады. Олар буынның 
конгруэнттілігін арттырады. 
Буын қапшығы ұршық ойысының жиегіне, ортан жіліктің алдыңғы жағында 
linea 
intertrochanterica
-ға, артқы жағында 
crista intertrochanterica
-ның ішкі жағына бекиді. 
Ортан жілік мойынының көп бөлігі буын қуысының ішінде орналасады. Ұршық 
буынын: ұршық ойысының көлденең байламы, ортан жілік басының байламы, мықын- 
ортан жілік, шонданай-ортан жілік, қасаға-ортан жілік байламдары және дөңгелек 
аймақ бекітіп тұрады. Ұршық буынының ерекшелігі – 
ортан жілік басы байламының

lig. capitis femoris
, болуы, ол incisura acetabuli және lig. transversum acetabuli-ден 
басталып, fovea capitis femoris-ке бекиді. Байлам синовиалық қабықпен жабылған 
Байламның ішінде ортан жіліктің басын қоректендіретін қан тамырлары өтеді. 
Мықын-ортан жілік (Бертини) байламы, lig. iliofemorale (Bertini), 
қалыңдығы 1 
см-дей болатын осы буынның ең берік, мықты байламы (300 кг-ға дейінгі жүктемені 
ұстайды). Оның дамуы тік жүру қызметімен тығыз байланысты – дененің артқа қарай 


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет