Оқулық жобасы бойынша аударылған оқулықтарды сабақ барысында қолдану тиімділігі


Негізгі ойды ажырату немесе «тиімді эссе» әдісі



бет9/10
Дата28.01.2022
өлшемі20,29 Kb.
#130049
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоба

2.2 Негізгі ойды ажырату немесе «тиімді эссе» әдісі

Қыркүйек, қазан айларындағы оқушылардың сыни ойлау дағдысы біршама ілгерілегені байқалды. Тақырыптың негізгі ойын анықтау үшін сізге сұрақ қою керек: бұл оқулық не туралы? Қысқаша қайта түсіруді, яғни сюжетті жасай аласыз.

негізгі идея - автордың осы туындымен айтқысы келгені. Мысал: Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» кітабы қандай идеяны ұсынады? Оқушылар негізіг идеяны 5 беттік тиімді эссе арқылы тапсырмаларын орындады. Осы орайда бұл әдіс оқушыларға зор ықпалын жүргізіп келеді.

Қорытынды

««100 жаңа оқулық», «100 жаңа тұлға» деп жобаларға шартты ат қойылады. Ол есте сақтауға, насихаттап таратуға ыңғайлы. Бірақ ол 100 оқулықпен шектелеміз деген сөз емес. Оқулықтар жақсы аударылып, оған үлкен сұраныс болып, жақсы нәтиже көрсетіп жатсақ, ол жүзден әлдеқайда көп болуы мүмкін» - деп атап өткен болатын Ұлттық аударма бюросының директоры және осы жобаның жетекшісі Рауан Кенжеханұлы. Сол себепті, таңдалған гуманитарлық бағыттар бойынша алдыңғы қатарлы университеттер мен баспалардан жыл сайын жүздеген жаңа оқулықтар шығады. Оның сыртында, оқулық деуге келмейтін, бірақ ғылым саласының дамуына зор үлес қосқан жекелеген авторлардың зерттеуі негізінде шыққан монографиялар бар. Олар да оқу бағдарламаларына міндетті түрде оқылуы тиіс кітаптар тізіміне кіру керек деп есептеймін.

Біріншіден, Біз ұмтылған ілгері дамыған 30 елдің қай-қайсысында да осы үдеріс бар. Сондықтан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы сол үдерістің басы ғана болатынына сенемін.

Екіншіден, Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыратын жоба және олардың дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастыруда маңызды орынға ие бола алады. Жобаға қосымша ретінде авторлық бағдарламамды ұсынып отырмын. Болашақта зор жетістіктерге жетуге көмектесетін тиімді бағдарлама болуын көздеймін. Ұсыныстар мен сыни пікірге ашықпын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет