Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет44/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar
Игра слов произведений, teksty dlya domashnego chteniya, -Учебные материалы к практическим семинарским лабораторным занятиям Психология управления магистратура

Франческо Петрарка (1304-1374)


Итальян гуманизмінің негізін салушы Франческо Петрарка өз өмірінің көп бөлігін антикалық мұраларды үйренуге арнаған ғалым, ақын ретінде ерекше даңққа бөленді. Оның әкесі Дантенің жақын досы еді, ол да 1302 жылы қара гвельфтердің қуғынына ұшырап, Флоренциядан қашып, Ареццода бас сауғалайды. Петрарка 1304 жылы осы жерде дүниеге келеді. Әкесі 1312 жылы отбасымен Францияның оңтүстігіндегі папа тұратын Авиньон қаласына қоныс аударып, сол жердегі сарайға қызметке орналасады. Жас Петрарка болса, қала маңындағы қыстақта жасап, латын тілі мен көне Рим әдебиетін оқып үйренеді. Соңынан ол құқықтанумен айналысады. 1326 жылы ата-анасынан айрылған Петрарка оқуын тастап, Авиньонға келіп діни қызметке орналасады. Бұл жағдай оны папа билігіне жақындастырады. Сарайдағы алаяқтықтар, сатқындықтар, шіркеу мансаптарының сатылуы сияқты жағымсыз әрекеттер ақынның ызасын оятады. Ол діни қызмет атқарғанымен, өте заманагөй адам болатын.


Петрарка өзінің сұлу Лаураға арнаған алғашқы өлең сонеттерімен Рим жұртшылығына таныла бастайды. Ғылым-білімге жаны
құмар, абыройлы Рим дворяны Джованни Колонна 1330 жылы Петрарканы өз сарайына қызметке шақырып, антик жазушылардың шығармашылығын үйренуіне жағдай туғызады. 1333 жылы ақын Франция, Германия, Фландрияға саяхат жасайды. Бұл саяхаттар Петрарка дүниетанымының кеңеюіне мол әсер етеді. 1337 жылы Римге барып, қаланың тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысады. Авиньонға оралған соң, Петрарка бұл қалада қалғысы келмейді. Сондықтан қаладан бес шақырым жердегі Воклюз қыстағына келіп, осы жерде жалғыз өмір сүре бастайды (1337-1341). Бұл жылдар Петрарка шығармашылығының өте жемісті жылдары болды. Петрарканың латын тіліндегі «Африка» поэмасы, Лаураға арнаған көптеген өлеңдері де осы жерде туады. Бұл шығармалар ақынға үлкен даңқ алып келеді. Көне дәуір ақындары дәстүрінде 1341 жылы Капитолийде (Рим) үлкен салтанатпен оған жеңімпаз лавр алқасы тағылды. Осы кезден бастап Петрарка Италия жазушыларының атақты жетекшісіне айналды, оның аты тек Италияға ғана емес, шет елдерге де кең тарады. Папа Климент VI және басқа да дін өкілдері оны шіркеудегі жоғары лауазымға шақырды, бірақ еркіндіктен айрылып қалудан қорыққан ол бұл ұсыныстарды қабылдамады.
Петрарка да Данте сияқты көркем әдебиет майданында өз дәуірініңсаясиөмірінеәсерету, отанныңортақбірлігін қалыптастыру үшін күресті. 1347 жылғы феодалдарға қарсы көтерілістердің хабарын естіген ол дереу оларды құттықтайды. Көтеріліс басшысы Кола ди Риенци көне Рим үлгісінде Римде республикалық билікті жарияланғанда, Петрарка оған арнап «Ұлы рух» атты атақты саяси канцонасын жазып, оны қолдайтындығын ашық білдіреді. Бірақ көп ұзамай Риенци жеңіліске ұшырайды.

  1. ғасырдың 60-жылдарында Петрарка өз замандасы Боккаччомен танысып, онымен достық қатынаста болады. Өмірінің соңғы жиырма жылын ақын Миланда, соңынан Венеция мен Падуеде өткізді. Миланда Жованни Висконти қамқорлығында болған Петрарка «Әрқандай бақытсыздыққа қарсы шаралар туралы» (1358-1366) трактатын жаза бастайды. Өмірінің соңыңда ұлы гуманист Падуеге жақын Арква қыстағында жасап, 1374 жылы осы жерде қайтыс болады.

Петрарка - итальян Қайта өрлеу дәуірінің ірі өкілі, дүние жүзі әдебиеті қазынасына мол үлес қосқан гуманист ақын. Ол Цицеронның екі баяндамасын тапты. Антик жазушылар Цицерон
мен Вергилийдің шығармаларын жан-жақты оқып үйренді, оларды өзіне ұстаз санайды. Грек жазушыларының шығармаларын латын тіліндегі аудармалардан оқыды. Көне Рим жазушыларының көркемдік әдістерін, пікірлеу негіздерін игерді. Италия әдебиеті латын әдебиетінің жалғасы екендігін дәлелдеп, шығармаларын латын тілінде жазды. Көне классиктер тілін нағыз әдеби тіл деп түсінді.
Петрарканың латын тілінде жазылған «Африка» поэмасы (1338-1342) көне Рим классикалық әдебиетінің ірі туындысы болған Вергилийдің «Энеида» поэмасының әсерінде туды. Аяқталмаған бұл шығармада ақын Римнің ұлттық батыры, Африканы бағындырған Сципионның жеңістерін суреттейді. Петрарка өз поэмасына сюжетті Рим тарихшысы Тит Ливийден алды. Цицеронның «Республика» еңбегінен Сципионның түсі туралы хикаяны пайдаланды. Ақынның дінге қарсы көзқарасы Италияның ұлттық тәуелсіздігін қорғау идеясымен араласып кетеді. Поэмада отансүйгіштік рухты бейнелейтін күшті лирикалық моменттер өте көп.
Петрарка Вергилийдің шопандық поэмасына еліктеп, латынша 12 эклог (антик, соңынан Еуропа поэзиясында шопандық өмірді суреттейтін өлең) та жазады. Пастораль (қарапайым шопандық тұрмысты жырлайтын өлең түрі) формасындағы бұл өлеңдерге ақын жаңа мазмұн енгізді. Өлеңдердің кейбірінде Рим әміршілерін, папа билігін және оның кемшіліктерін қатты сынға алады. Басқа эклогтары ақынның жеке сезім-толғаныстарын бейнелейді. Лаура қабірі басындағы қайғыны суреттеген эклогтарын осыған жатқызуға болады.
Латын тілінде жазылған прозалық шығармалардың арасында
«Атақты адамдар туралы», «Ұмытылмас нәрселер туралы» атты шығармаларының маңызы ерекше. Бірінші кітапта көне дүниенің атақты қолбасшылары Александр Македонский, Ганибал т.б. өмірбаяндары беріледі.
Шығарма көне Рим және оның қаһармандары туралы естеліктерді жаңғырту, осы арқылы адамдарда отансүйгіштік рухты ояту сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
«Ұмытылмас нәрселер туралы кітабы» өзінен бұрын өмір сүрген авторлардан көшірілген үзінділер, мысалдар мен даналық сөздерден тұрады.
Философиялық трактаттары Петрарканың қоғамдық-саяси
көзқарастарын айқын танытады. Өмір қуанышын, табиғат сұлулығын жырлау, өзге діндерге құрметпен қарау сияқты ойларды айтумен қатар ақын христиан дінінің шырмауынан да шыға алмайды, орта ғасырдың схоластикалық дүниетанымынан қол үзе қоймайды. Бұл жағдай ондағы қайғылы көңіл-күйді күшейте түседі. «Дүниеге ызамен қарау туралы» (1343) деген шығармасында Петрарканың өз дүниетанымы мен түсінігіндегі кемшіліктер байқалады. Шығарма Петрарка мен дінбасы Августин арасындағы диалог түрінде баяндалған. Августин – орта ғасырлық діни-аскетизмнің негізін салушылардың бірі. Ол да жас кезінде ғашықтықты өз басынан өткізген. Августин ақындағы әділдікке ұмтылу, шығармашылықпен айналысу, атақ-даңққа бөленіп, ғашықтық сезімге берілу сияқты қасиеттердің уақытша нәрсе екендігін айтып, оны мұндай сезімдерді жеңуге, тек қана «о дүниені» ойлауға үгіттейді. Петрарка Августинмен қызу тартысқа түседі. Ол махаббат пен атақ- абыройдан бас тарта алмайтындығын, Лаураға деген махаббаты оның шабытын оятатынын, ол уақытша емес, мәңгілік жанға ғашық екендігін айтады. Августин Петрарканың Лаураға қатынасының өмірлік махаббат екендігін айтып, онда бұл туралы сенімді пайда етеді. Ақын оның пікіріне қосылуға дайын, бірақ ол бұл дүниенің істерін аяғына дейін жеткізуі керек. Бұдан біз жаңа өзгерістер болып жатқан сол дәуірдегі Петрарка көзқарасындағы қоғамдық-саяси кемшіліктерді көреміз. Дегенмен, ондағы гуманистік сана христиан аскетизмінің догмаларына толығымен бағынбайды. Адамның тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері, ақыл-санасы «о дүние» туралы қиял-түсініктерден жоғары тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет