Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет46/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar
Игра слов произведений, teksty dlya domashnego chteniya, -Учебные материалы к практическим семинарским лабораторным занятиям Психология управления магистратура

Жованни Боккаччо (1313-1315)


Итальян Қайта өрлеу дәуірінің екінші бір ірі өкілі - Жованни Боккаччо ғалым, жазушы еді. Ол осы дәуірде «назарға лайық емес» деп келген заманагөй новелла жанрын жоғары даму сатысына көтерді, оның реалистік және демократиялық бағытын айқындап берді. Боккаччо жазушының өзіне тән қасиеттерін жоққа шығаратын, әдебиеттің халықшылдық рухына және реалистік дамуына кедергі болған, табиғат пен адамның қадір-қасиетіне дұшпан, шынайы өмірді мойындамайтын діни-аскеттік саясатқа қарсы болды.


Боккаччо Парижде туды, анасының өлімінен соң, оны Италияға алып келді. Боккаччо Флоренция мен Неапольде тәрбиеленді. Әкесінің тілегімен сауда-саттық және құқықтану мәселелерімен айналысса да, ол антик жазушылардың шығармаларын оқуға өте қызығатын. Бірақ талантты жас тарихи ескерткіштер, грек тіліндегі әдеби шығармалармен терең таныса алмады. Өйткені, оған әкесі көне әдебиет үлгілерін оқуға тек бос уақыттарында ғана рұқсат беретін.
Боккаччо жігіттік дәуірін (1327-1340) Неапольде өткізді. Бұл жерде ол гуманистермен танысып, грек тілі мен антик әдебиетті үйренуге кіріседі. Жаңа достарының көмегімен король Роберт Анжуйский сарайындағы әдеби ортаға араласады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет