Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған



бет62/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Француз драматургиясы


«Плеяданың» тағы бір ірі өкілі Этьен Жодель (1532-1573) болды. Жодель француз трагедиясының негізін салушылардың бірі ретінде драматургияны реформалауға ұмтылады. Жодельдің «Тұтқын Клеопатра» трагедиясы үлкен даңққа бөленді. Бұл классикалық стильде жазылған тұңғыш француз трагедиясы еді. Жодель антик әдебиеттегі үш бірлік қағидасына - әрекет, орын және уақыт бірлігіне бағына отырып, пьесаны 5 актілі етіп құрады. Трагедияның сюжеті онша күрделі емес. Октавианмен соғыста Антоний мерт болады. Тұтқынға түскен Клеопатра одан бас сауға сұрайды. Октавиан мұны пайдаланып, Римде өткізілетін салтанатты жиынға Клеопатраны қатыстырмақшы болады. Бірақ мұндай масқара абыройсыздықты қаламаған Клеопатра өзін-өзі өлтіреді. Трагедияның тілінде бос, мағынасыз сөздер көп, драматизм аз, оқиғаның көбі сахна сыртында болады да, ол хабаршы арқылы көрерменге айтылады.


Әрекет пен драмалық пафостың аздығы сияқты кемшіліктер Жодельдің екінші трагедиясы «Өзін мерт қылған Дидонада»
айқын көрінеді Сүйіктісі Энейдің қашып кеткендігіне қайғырған Дидонаның ащы зары ұзыннан-ұзақ сұқбаттар арқылы беріледі. Бұл сұқбаттар ситуацияны айқындауға жәрдем бергенімен, кейіпкердің рухани күйзелісінің нәзік жақтарын ашып беруде әлсіздік қылады.
Француз драматургиясының жаңа даму сатысы Жан Греван Мюренин шығармашылығынан басталады. Жан Греван Мюренин
«Юлий Цезарь» шығармасын 1560 жылы француз тілінде қайта жазды. Ол пьеса сюжетіне маңызды тарихи оқиғаларды енгізді, драмалық тартысты күшейтті, халықтық мүддені қорғады және
«антик театрға тән ерекшеліктерді заманагөй театрға зорлап енгізуге болмайды» деді.
Француз Қайта өрлеу дәуірі әдебиеті Англия мен Испания әдебиетінің даму дәрежесіне көтеріле алмады. Озық ұлттық драматургия жасалған жоқ. Өйткені, бұл жерде адамдар өмірі мен олар санасында өзгерістер жасауға себепші болатын, бүкіл халық қатысқан саяси-тарихи оқиғалар болмады. Франциск І-нің бейбастақ немерелері үстемдік еткен XVI ғасырдың екінші жартысында болған анархия мен діни соғыстар француз монархиясын ауыр жағдайда қалдырып, мемлекеттегі кертартпа әрекеттерді күшейткен еді. Гуманистердің ғажайып арман-мақсаттары бұл дәуірде орындалмай қалды. Нәтижесінде олардың шығармашылығындағы игі тілектер орнын сенімсіздік пен үмітсіздік басты.
«Плеяда» ақындары шығармашылығында туған лирикалық поэзия XVI ғасырдың екінші жартыс ынан бастап өзінің бастапқы келбетін жоя бастады. Трагедия мен комедия жанрларының қалыптасуы болса, классицизм драматургиясының пайда болуына жағдай жасады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қайта өрлеу дәуіріндегі Франциядағы тарихи-әдеби процесті қалай дәуірлейміз?

  2. Франциядағы гуманистік күштердің даму жағдайы қалай еді?

  3. Маргарита Наваррскаяның «Хептамерон» атты новеллалар жинағын Боккаччоның «Декамерон» шығармасымен салыстырыңыз.

  4. Деперье шығармаларының өзіндік ерекшеліктері қандай?

  5. Рабленің бес кітаптық роман желісіндегі тақырып, идея, композиция, тіл, стиль мәселелерінің шешілуі қандай еді?

    1. тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет